Онлайн газет



ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

1939 жылдың қазан айында дербес аймаққа айналып, дамудың даңғыл жолына түскен Жамбыл облысы өткен жылы өзінің 80 жылдық торқалы тойын атап өтті. Мерейлі мерейтойға орайластырылып киелі Жамбыл жерінде көптеген жаңа нысандар бой көтерді. Солардың бірі әрі бірегейі «Шахристан» этно-кешені жуықта пайдалануға беріліп, мұндағы «Көркемдік бейнелеу өнері» галереясы, «Руханият» орталығы, облыстық өлкетану мұражайы, сағат стелалары алыстан мен мұндалап , облыс тұрғындарымен қонақтардың сүйікті мәдени демалыс орнына айналып отыр.
Көрсе көз қызығатын осынау нысандарға Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерімен Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназия оқушылары арнайы барып, экскурсия жасады.
Біздер үшін мұндағы ғасырлар тарихынан сыр шертетін, 65 мыңнан астам жәдігері бар Жамбыл облыстық музей үйі ерекше әсер қалдырды.
Мұражайдағы тарихи жәдігерлер «Тарихқа дейінгі кезең», «Тараз қаласының тарихы», «Қазақ халқының этнографиясы», «Әулие-ата кезеңі» сынды залдарда топтастырылып қойылған екен. Өңіріміздің өткен өмірінен сыр шертетін осынау тарихи құндылықтардың дерегімен бізді облыстық музейдің экскурсоводы Гүлназ Көлбаева таныстырып, жастардың қызықтырған сауалдарына жауап берді.
Осы ретте аудандағы Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының тәлімгері Анар Байсұлтанова: «Киелі Жамбыл жері күннен-күнге көркейіп келеді. Әсіресе облысымыз соңғы кездері тарихи орындармен толыға түсуде. «Шахристан» этно-кешенін көру көптен бері ойымызда жүрген. Оқушыларымыз музей үйін аралап көріп, өткен тарихымыз туралы толық мағұлмат алды», - деді.
Шындығында да шығыс үлгісінде салынған кешеннің көркі айрықша қызығарлықтай. Әсіресе, екі мың жылдан аса тарихы бар Тараз топырағынан табылған мұндағы қазба байлықтары көне дәуірімізден сыр шертіп, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын ұғындыруға себепкер болуда.

Айнагүл Мамытбекова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.

Обновлено 13.02.2020 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін576
mod_vvisit_counterКеше471
mod_vvisit_counterОсы аптада1276
mod_vvisit_counterӨткен аптада2443
mod_vvisit_counterОсы айда5697
mod_vvisit_counterӨткен айда17566
mod_vvisit_counterБәрі1218039

Серіктестер