Онлайн газет



ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен аптада алдын ала белгіленген кестеге сәйкес, «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, онда аудан әкімі Нұржан Нұржігітов аудан тұрғындарымен жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада аудан тұрғындары түрлі мәселелерді көтерді. Билік пен қоғам арасында өткен ашық диалог барысында жер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық және кәсіп ашу бағытындағы мәселелер айтылды.
Алдымен сарыкемерлік тұрғын Досан Наурызбаев жеке сұрақпен, зейнеткер Таңатар Есалиев тұрғындар мәселесімен, ал, Базаркүл Дайрабаева тұрғын үй салуға жер беру туралы өтінішін білдірді. Аудан басшысы өтініш иелеріне заң аясында толыққанды түсінік берді.
Бұдан бөлек, қабылдауға келушілердің бірі Айгуль Қалымбетова отбасындағы тұрмыс жағдайларының төмендігін айтып, жәрдем сұрады. Аудан басшысы біржолғы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныс беруді аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұловаға, мектепте оқитын балаларына бір реттік киім-кешекпен қамтамасыз етуді аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиевке тапсырды. Құмжоталық тұрғын Гульмира Миралиева «Химик-технолог» мамандығын бітірген баласын жұмысқа орналастыру жөнінде өтінішпен келіпті. Өтініш иесінің баласын мамандығы бойынша заң талаптарына сәйкес, «Жастар практикасынан» өткізу және тұрғын үй жағдайын зерттеп, ұсыныс беру үшін аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Арғынбай Сқақов пен Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерік Әліқұловқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Тұрғын үй салуға жер беру және атаулы әлеуметтік жәрдемақы туралы көмек сұрай келген сарыкемерлік тұрғын  Бахыткуль Ибрагимованың өтініші де қанағаттандырылды. Ол бойынша Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сәуле Тлеуқұловаға өтініш иесін ақылы қоғамдық жұмысқа тарту және біржолғы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныс беруді аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұловаға жүктеді. Сондай-ақ,  Сарыкемер ауылының тұрғыны Асан Иманкулов жеке кәсіппен айналысу үшін жер сұрай келген. Аудан әкімі ұсыныс беру үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырма берді. Асыраушысынан айрылған алты баланың анасы Каламхас Халилаева бүгінгі күнде алып отырған атаулы әлеуметтік көмектің ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап тоқтатылатынын жеткізіп, аудан басшысынан көмек беруін өтінді. Өтініш иесін мұқият тыңдаған Нұржан Молдиярұлы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Айдос Абдуалиевке біржолғы әлеуметтік жәрдемақы негізінде ұсыныс беруді, тұрғын үйі бойынша «Интергаз» АҚ-ына тез арада хат жобасын дайындау жөнінде тапсырма берді.
Жалпы, бұл ашық есік күнінде қабылдауда аудан басшысы 8 тұрғынның өтініштерін тыңдап, әрбір өтініш иесінің мәселесіне заң аясында түсініктеме бере отырып, жауапты мекеме басшыларына шешу жолдарын қарастыру бағытында тапсырмалар берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 12.02.2020 11:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін576
mod_vvisit_counterКеше471
mod_vvisit_counterОсы аптада1276
mod_vvisit_counterӨткен аптада2443
mod_vvisit_counterОсы айда5697
mod_vvisit_counterӨткен айда17566
mod_vvisit_counterБәрі1218039

Серіктестер