Онлайн газет



СЕМИНАР – КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Жақында, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кіші мәжіліс залында семинар – кеңес отырысы болып өтті. Оған аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің  мүшелеріне «Партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңес жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру» атты тақырыпта өткен семинар-кеңес отырысына аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рабат Сарсенов модераторлық жасады.
Модератор үстіміздегі жылдың 8 қаңтары күні Саяси кеңестің Бюро отырысында Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағасын аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовпен бекітілгенін жеткізді. Сонымен қатар, құрылған комиссиялардың құрамы беделді және белсенді партия мүшелерінен, мәслихат депутаттарынан, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылғанын атап өтіп, семинар - кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ,  алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды функционалдық негізге алып, бөлініс жасау қажеттігін айтты. Семинар – кеңес барысында аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Сапар Қалмұратов сөз сөйледі. Отырыста оған қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақ-жауаптарға кезек берілді.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты.

Обновлено 12.02.2020 11:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін523
mod_vvisit_counterКеше471
mod_vvisit_counterОсы аптада1223
mod_vvisit_counterӨткен аптада2443
mod_vvisit_counterОсы айда5644
mod_vvisit_counterӨткен айда17566
mod_vvisit_counterБәрі1217986

Серіктестер