Онлайн газет



ҚҰРҒАҚ ШӨПТІ ӨРТЕУ - ҚЫЛМЫС

Өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін залал. Сондықтан атам қазақ «өрт - тілсіз жау» деп тегін айтпаған. Өрт көбінесе электр жабдықтарының ақаулығынан, балалардың ашық отпен ойнауынан, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, атап айтқанда, адамдардың қалдырып кеткен немесе сөндірілмеген от, темекі тұқылы және сіріңкеден, сонымен қатар, тұрмыста болсын, қызметте не сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан туындап жатады. Әсіресе, табиғи өрттердің дені адамдардың кінәсінен орын алып жататындығы шындық.
Құрғақ  жапырақтар мен шөптерден, қамыстардан құтылудың бірден-бір жолы - оларды өртеу. Күн жылына бастап еді, ауыл тұрғындары ауласында қыс бойы жиналып қалған күл-қоқыстарды, елді мекен төңірегінде, жол бойларында және шаруа қожалықтары жерлеріндегі  қураған жабайы шөптер мен қамыстарды өртей бастады. Өкінішке орай, қызыл жалынға оранған аумақты қадағалап, жанып біткен соң шоқты сөндіріп кетуге немқұрайдылық танытамыз. Соның салдарынан үлкен өрт орын алып жатады.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Берік Сатыбалдиевтің айтуынша ағымдағы жылдың  9 ақпанында  ауданымызға қарасты Жалғызтөбе, Ынтымақ, Дихан, Ботамойнақ, Сазтерек, Жаңатұрмыс ауылдық округтеріне қарасты алқаптарда қураған шөп, қамыстың жану оқиғалары тіркеліп, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына 18 рет шыққан. Осы күні қатты тұрған желмен бірге өрши түскен жалынның таралуына және елді мекендерге жақындауына жол бермеу үшін ауылдық округ әкімдерінен бастап, жеке адамдар, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері  жұмыла әрекет етіп, тілсіз жауды сөндіріпті. Өрт аумағы – жалпы 15 гектарды құрап отыр.
Аудан аумағына қарасты елді мекендерге бара қалсаңыз жол бойларында қурап тұрған қамыстарды жиі көруге болады. Қураған  шөптер мен қамыстарды өртеу үшін  кез келген азамат жергілікті атқарушы органға және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен рұқсат алып, ақпараттандыруы міндетті екен. Жауапты тұлғалардың рұқсатынсыз өрттің орын алуына, атап айтқанда, қурап тұрған қамыстар мен шөптерді, егін алқаптарын өртеу, немесе сөнбеген темекі тұқылы мен оттықты қасақана лақтырып тастағандар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 336 және 410 баптарымен жауапкершілікке тартылады.
Кодекстің 336-бабында «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін  ескертумен қатар, жеке тұлғаларға 3,  лауазымды адамдарға - 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Ал 410-бапта ұйымдарда, ғимараттар мен құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға ірі мөлшерде айыппұл, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әрекеттер үшін де жаза қарастырылған. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген немесе айтарлықтай залал келтірген өрттің шығуына алып келген әрекеттерге ірі мөлшерде айыппұл салынатындығы атап көрсетілген. Сондықтан кез келген азамат, мейлі ол жас болсын, мейлі жасамыс болсын жасаған іс-әрекетіне жауап беруге міндетті деп ойлаймыз.
Өрт - жеті жұттың бірі екендігін, оның соңы орны болмас өкінішке алып келетіндігін ұмытпайық.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін110
mod_vvisit_counterКеше527
mod_vvisit_counterОсы аптада1265
mod_vvisit_counterӨткен аптада3145
mod_vvisit_counterОсы айда14174
mod_vvisit_counterӨткен айда15036
mod_vvisit_counterБәрі1130570

Серіктестер