Онлайн газет



КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтың төрағалығымен  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша атқарылған жұмыстарға арналған  кеңес отырысы өткізілді.

Онда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова есеп берді. Бөлім басшысы 2019 жылы  285 түрлі шаралар ұйымдастырылғандығын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы “Туған жер”, “Қазақстандағы 100 жаңа есім”, “Қазақстанның сакральдық географиясы”, “Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет”, “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100  жаңа оқулық”, “Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу”, “Ауыл - ел бесігі” сынды жобалар аясында тындырылған тірліктерге жеке-жеке тоқталды.
Жиын барысында Дәуір Рысбайұлы бағдарлама аясында өткерілетін іс-шаралардың сабақтастығын басты назарға ала отырып, санына емес, сапасына үлкен мән беру қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған шараларға ай сайын мониторинг жүргізіліп отыратындығын жеткізді.
Отырысқа аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары мен жауапты мамандар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев, аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыдырхан Оралов, БАҚ өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 12.02.2020 11:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін584
mod_vvisit_counterКеше471
mod_vvisit_counterОсы аптада1284
mod_vvisit_counterӨткен аптада2443
mod_vvisit_counterОсы айда5705
mod_vvisit_counterӨткен айда17566
mod_vvisit_counterБәрі1218047

Серіктестер