Онлайн газет



МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ

Облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «БАҚ өкілдері мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алудағы рөлі» тақырыбындағы семинар-кеңес өткізілді.

Аталған семинар-кеңестің мақсаты – ағымдағы жылы атқарылатын шараларды талқылау, кеңесу мен бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелендіру болып табылады.
Семинарға  облыс бойынша дін  саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, БАҚ арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты халыққа жеткізетін мемлекеттік қызметшілер, дінтанушы, теолог мамандар, имамдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Айтулы шараны Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров  ашып, өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі және осы салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндады.
Кеңестің бағдарламасына сәйкес облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы Батырбек Атамқұлов «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары барысында жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен міндеттері туралы» баяндама жасады. Одан ары қарай облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің басшысы Асылжан Құрмановтың «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық саясатты жүргізу туралы», облыс әкімдігі Дін істері басқармасының ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Ақбайдың «Мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзекті тұстары туралы»  баяндамалары тыңдалды.
Алқалы жиын барысында өткен жылдың қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен терроризмнің идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыруға белсенді атсалысқан журналистер мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.


Семинарды облыс әкімдігі Дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбай қорытындылай келе, діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық және қарсы-насихаттық жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін БАҚ-тың, интернеттің әлеуетін барынша қолдану қажеттігін атап өтті.    
Шара соңында қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға  Жангелді Жайлауұлы жауап беріп отырды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 12.02.2020 11:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін112
mod_vvisit_counterКеше527
mod_vvisit_counterОсы аптада1267
mod_vvisit_counterӨткен аптада3145
mod_vvisit_counterОсы айда14176
mod_vvisit_counterӨткен айда15036
mod_vvisit_counterБәрі1130572

Серіктестер