Онлайн газет



НАРКОБЕКЕТТЕР ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық. Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Осы бағытта аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 38 мектепте «Наркобекеттер» құрылған болатын. Оқушылар арасында наркологтың есебіне бала алынбаған. Дегенмен де, мектептерде осы бағытта төмендегідей жұмыстар атқарылуда.

2019  жылдың қазан айының 1-15 аралығында оқушылар арасында нашақорлық пен наркобизнестің алдын алу мақсатында «Жастар және есірткі» тақырыбында айлық жарияланды. Айлық барысында барлық білім беру мекемелерінде осы бағытта іс-шара жоспары жасалынды. Жоспар аясында бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 9-11-сынып оқушыларымен «Біз – есірткісіз өмір үшін» тақырыбында дөңгелек үстел, 11-сыныптарда «ХХІ ғасыр қасіреті» тақырыбында пікірталас, «АҚТҚ – бәрі де бізге байланысты» тақырыбында 5-8-сынып оқушылары арасында ашық сабақтар және осы тақырыптарда жазба жұмыстары (диктант) алынды. «Нашақорлықсыз болашақ» тақырыбында 6-7-сынып оқушылары арасында плакаттар байқауы өткізіліп, оған 31 жұмыс түссе, ата-аналар мен оқушылардың чаттары арқылы «Есірткі - адамзаттың қас жауы» атты арнайы постерлер мен роликтердің таратылып, «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Аудан аумағындағы дүкендер мен көңіл көтеретін орындарға ішімдік, темекі бұйымдарын кәмелетке толмағандарға сатылуын қадағалау мақсатында рейдтік  іс-шаралар өткізілді, нәтижесінде факт тіркелмеді.
2019 жылдың қараша айының 14 күні білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында «Мен және менің жасөспірім балам» тақырыбында тренингтер өткізіліп, ата-аналарға «Нашақорлық зардаптары» атты арнайы бейнефильмдер көрсетілді,  «Бала қауіпсіздігі өз қолыңызда» тақырыбындағы нұсқаулықтар таратылды.
2019 жылдың желтоқсан айында жоспарға сәйкес 7-9-сынып оқушылары арасында  «Жат қылықтан аулақ бол!», «Нашақорлық - дерт» тақырыптарында арнайы роликтер көрсетілді.
2020 жылдың қаңтарында облыс әкімдігі білім басқармасының 2020 жылдың 15 қаңтары күнгі №03-206 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы» 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №7-ПГВр қаулысын ата-аналар мен оқушылар, педагогтар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2 495 ата-ана, 2 466 педагог, 6 585 оқушы арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстары атқарылды.
2020 жылдың қаңтарында Көркем сурет мектебінің базасында аудандық «Нашақорлықсыз әлем» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оған 66 оқушы қатысты. Балалар өздерінің нашақорлыққа деген қарсылығын қағаз бетіне түсіріп, үздік жұмыстар білім бөлімі тарапынан марапатталды.

Индира СПАНАЛИЕВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін40
mod_vvisit_counterКеше241
mod_vvisit_counterОсы аптада2640
mod_vvisit_counterӨткен аптада4747
mod_vvisit_counterОсы айда1438
mod_vvisit_counterӨткен айда23113
mod_vvisit_counterБәрі1157783

Серіктестер