Онлайн газет



ТОП ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жылдың 18 қаңтар – 1 ақпан аралығында «Спорт - нашақорлыққа қарсы!» ұранымен футзалдан «Байзақ ауданының спорт әуесқойлары лигасының» «А» және «Б» тобындағы командалары арасында VI аудан әкімінің кубогі аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұйымдастырылып өткізілді.

Айналма әдісімен ауданның ересектер арасында өткен спорттық іс-шара Байзақ ауданында бұқаралық спорттың дамуына түрткі болатын спорттық ойын түрлерін дамыту мен насихаттау, ойыншылардың шеберлігін арттыру, алғы шептегі спортшыларды анықтау, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын жарыстың нәтижесі бойынша «А» тобында ойнайтын 8 команданың алғашқы орындардағы 5-і және «Б» тобының алғашқы орындардағы 3-і келесі жылдың «А» тобын құрайды. Осындай жүйемен аталған жарыс биыл алтыншы рет өз деңгейінде өткізілді.
VI аудан әкімінің кубогі сонымен қатар, волейбол, баскетбол спорт түрлері бойынша да өткізіледі. Волейбол 8-22 ақпан аралығында және баскетбол 29 ақпан – 14 наурыз аралығында өтеді.
Ойындардың футзал спорт түрі бойынша барлығы «А» тобында 8 команда, 76 адам қамтылса, «Б» тобында 11 команда 114 адам қамтылды. Ойыншылардың басым көпшілігі жастар.
Футзалдан ойын нәтижелері бойынша «А» тобында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Сарыкемер мектеп-гимназиясының командасы;
ІІ орын – «Н.Киікбаев жастары» командасы;
ІІІ орын – «Жастар» командасы.
«Б» тобында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Бурыл ауылының командасы;
ІІ орын – «Жаңатұрмыс» командасы;
ІІІ орын – Мәдімар ауылының командасы.
Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үстіміздегі жылдың 20 наурызы күні өтетін «Наурыз кубогі» турнирінде тағы да бас қосып, жарыс аяқталғаннан кейін салтанатты түрде марапатталатын болады.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін78
mod_vvisit_counterКеше527
mod_vvisit_counterОсы аптада1233
mod_vvisit_counterӨткен аптада3145
mod_vvisit_counterОсы айда14142
mod_vvisit_counterӨткен айда15036
mod_vvisit_counterБәрі1130538

Серіктестер