Жуырда, Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда «Спорт діни экстремизмге қарсы!» ұранымен баскетболдан 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Алтаев Ергеш Тазабекұлының жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті.
 Аталған жарысқа 8 командаға біріккен жүзге тарта спортшылар қатысты. Осы жарыста жүлделі орын алған командалар қатарында «Чкалов» атындағы орта мектебінің командасы бірінші орынға ие болса, біздің №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболшылары жүлделі
екінші орыннан көрінді. Қос бірдей жүлделі үшінші орындар №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Жамбыл ауданының құрама командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар мен жүлдегер спортшылар бағалы Кубок және медальдармен марапатталды. Аталмыш турнир №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен және Алтаев Ергеш Тазабекұлының демеушілігімен өтті.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |
Обновлено 12.02.2020 11:24 |