Онлайн газет



«АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ» АШЫЛАДЫ

Үстіміздегі жылы аудандық ардагерлер кеңесінің сұранысы бойынша аудан орталығынан «Ардагерлер үйін» ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатта, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдері отырған ғимарат жөндеуден өткізіліп, ағымдағы жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде «Ардагерлер үйі» ретінде пайдалануға беріледі. Оның ішіне аудандық Қоғамдық кеңес, медиация кабинеті, этно-мәдени орталықтар кіреді.

Бұл қуанышты хабарды аудан әкімі Нұржан Нұржігітов аудандық Қоғамдық кеңестің отырысында «Байзақ ауданының 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы» есепті баяндамасынан соң жиын қатысушыларына жеткізді.
Жұманғали Құмғанбаевтың төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңес отырысында күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды.
Алдымен аудан басшысы Нұржан Молдиярұлы есепті баяндамасын жасады. Онда 2019 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім, ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру үлесі, каналдарға жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, сатып алынған жаңа ауыл шаруашылығы техникалары, шаруашылықтарға төленген субсидиялар, жер ресурстары, ветеринария, өнеркәсіп, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру, денсаулық сақтау, бұқаралық спортты дамыту, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету, мәдениет, автомобиль жолдары, ауыз су жүйесіне қосылу, елді мекендерді газбен жабдықтау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, жұмыспен қамтамасыз ету, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында ауылдардың жылдарға бөлінісі, үш жылға ауданның экономикалық дамуына жұмсалатын қаржы көлемі жөнінде слайд арқылы сабақтастыра баян етілді. 
Күн тәртібіне сәйкес, 2019 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Нұржан Тлепов және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев ретімен қосымша баяндама жасады. Баяндамашылардан соң аудандық Қоғамдық кеңестің жанынан құрылған комиссия төрағасы Серік Ермеков жарыссөзге шықты. Серік Ермеков ауыл шаруашылығына қажетті ағын суды тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, мәдениет ошақтарының жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы, екі ауылдық округтегі пилоттық жоба мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының тиімділігі, қант қызылшасы, жаңа техникалар алу, машина-техникалық стансасын құру секілді мәселелерді ортаға сала келе, аудан әкімінің атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Кеңес отырысында сондай-ақ аталмыш  кеңестің  мүшесі Мейіржан Садықовтың қызмет ауыстыруына байланысты өкілеттілігін тоқтату мәселесі қаралды. Жиын соңында оған қатысушылар күн тәртібіне енгізілген мәселелерге байланысты Қарар қабылдады.
Кеңес отырысына аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев, бірқатар бөлімдер мен мекемелер басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері қатысып отырды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 10.02.2020 10:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1693
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7710
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33277
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2204007

Серіктестер