Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ - ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібі туралы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Айтулы шараны аталған бөлімнің басшысы Салтанат Иманова ашып жүргізіп отырды.

Семинарда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жанболат  Нұрмолдаұлы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады.
Алдымен баяндамашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануды реттейтін заңнамалық актілерге тоқталды.  Рәміздерді стандартқа сәйкес орнату және пайдалану, жарамсыз Елтаңбаларды және Туларды жою ережесімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұру міндеттілігі, Мемлекеттік рәміздердің стандарттық талаптарын сақтауға аса жауапкершілікпен қараудың маңызы да жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік рәміздерді арнайы рұқсаты бар жасайтын мекемеге тапсырыс беру  мен  мемлекеттік нышандары қорлағандар Қылмыстық кодекстің 317-бабымен жауапкершілікке тартылатындығы туралы ақпарат та берілді.


Сонымен қатар, Жанболат Нұрмолдаұлы  өткен жылы Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін,  Байзақ ауданы бойынша кемшіліктер орын алмағандығын атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әр азаматтың міндеті екендігін жеткізді.
Семинар диалог түрінде өткізілгендіктен, қатысушылар тарапынан туындаған барлық сұрақтар  тиісті жауаптармен қанағаттандырылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 10.02.2020 10:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1553
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5694
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31261
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201991

Серіктестер