Онлайн газет



ҚОҒАМ ТАЗАЛЫҒЫНА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАТ

Өткен аптаның сенбісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық - ағартушылық штабтың мүшелері аудан активімен кездесті.

Жиынды аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ашып жүргізіп отырды. Алқалы жиында Департамент жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Қасымхан Төлендиев сөз алып, жемқорлықтың алдын алу және  онымен күресті күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстарға тоқталды. Штабтың алдына қойған ұстанымы - парасаттылық, сенім және әділеттілік екендігін әңгімеледі. Республика көлемінде орын алған қылмыс түрлерінен ақпарат беріп өтті. Бұдан соң  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі  Арман Бердалин департаменттің бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарына екпін салды. Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында  «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ», кәсіпкерлерді қорғауға  бағытталған «Protecting business and investments», жолдардың сапасын мониторингтеуге арналған «Сапалы жол» сынды басқа да жобалардың маңызын мәлімдеді. Балаларға жемқорлықтың  қоғамға жат құбылыс екендігін отбасынан, бақшадан бастап үйрету қажеттігін айтып, әр азамат ардан аттамау керектігін, алғыс алып, халықтың игілігіне қызмет ету, ұлт мұраты мәселесі жайында өзекті ойларын ортаға салды.
«Әр қазақ - менің жалғызым” демекші, әр адамға біз жанашырлықпен қарап, қазақтың “алдынан өту” деген дәстүр бойынша, алдымен алдынан өтейік, ескертейік деген ниетпен келіп отырмыз», - деді Арман Бердалин.
Бұдан ары сөзді алған этнодизайнер, «Алтын сапа» сыйлығының иегері, Агенттік төрағасының кеңесшісі, республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада  киелі Жамбыл өңірінің тарихына тоқтала келіп, облыс басшысы Асқар Мырзахметовтің “Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту” жобасы аясында жұмыс жасап жатқан Қостөбе ауылдық округінің тыныс-тіршілігіне ризашылығын білдіріп, бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырып отырған аудан басшысын қолдау қажеттігін айтты. Одан ары штаб жетекшісі барға қанағат ету, тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктерін бағалау, ұлттық құндылықтарды қастерлеу, жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық қасиеттерін сіңіруде ата-ананың рөлін әңгімелеп, ұлтты тәрбиелейтін әйелдің  отбасы мен қоғамдағы орны жөнінде терең мағыналы әңгімені өрбітті. Ұлан-ғайыр қазақ жерін қорғаған батыр бабаларымыз бен даңқты батырларымыздың аталы сөздерін алға тарта келе, текті халықтың ұрпағы тектілігін, өр рухын сақтауы міндетті екендігін, ең бастысы - қоғамды өзгерту - ұлт санасын ояту болып табылатындығын атап өтті. Жемқорлықпен күресті  ұлт болып қалу жолындағы күрес деп түсіну қажеттігі баса айтылды.
Айтулы жиынға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қатысып отырды.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 05.02.2020 10:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1024
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7041
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32608
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203338

Серіктестер