Онлайн газет



КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ІШКІПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Еліміздегі ең іргелі саяси партия болып қалыптасқан «Nur Otan» партиясы - ел игілігі үшін қызмет етіп отырған саяси құрылым болғандықтан, партия мүшелері алда тұрған аса жауапты міндеттерді жауапкершілікпен орындауы тиіс.



Бұл туралы өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының белсенді позициясын қалыптастыру және ішкіпартиялық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында өткізілген семинарда айтылды.
Жұмыс регламенті бекітілген соң, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жайлы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде бастауыш ұйымдар жетекшілеріне партия саясатын халық арасында кеңінен насихаттау мен ішкіпартиялық жұмыстарды жүйелі жүргізу, жаңа партия лидерлерін айқындау, бастауыш партия ұйымының  жұмысын жандандыру жұмыстарын қолға алу бойынша айта келе, партия жұмысына аса сергек қарауға және партияның бағдарламалық құжаттарын табысты іске асыруға шақырды.
Баяндамашыдан кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты бөлімшесінің басшысы Әлібек Мырзабеков «Jas Otan»-ның алдында тұрған міндеттері мен ауыл жастары арасында өткізілетін шараларды ұйымдастыру жолдары және жастар белсенділігін арттыру туралы сөз қозғады.
Үстіміздегі «Еріктілер жылына» орай, «Jas Otan» Жастар қанатының белсенді мүшелері мен ауыл жастары арасында маңызы зор шараларды ұйымдастыру, ауданда еріктілерді тарту мақсатында жеті бағыт бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізу, жастар белсенділігін арттыру, бағыт-бағдар беру  үшін бастауыш партия ұйымының төраға-төрайымдарын «Jas Otan» Жастар қанатының белсенді мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс атқаруға шақырды.


Семинар барысында төраға ұсынысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алудың тәртібіне өзгерістер енуіне байланысты аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова қосымша түсінік берді.
Бұдан әрі партия облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, партия облыстық филиалы бойынша Байзақ ауданының кураторы Қырғызәлі Тілеуұлы сөз алды. Ол «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен бастауыш партия ұйымдары арасындағы байланыс және басқа бағыттардағы ішкіпартиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы партияның идеологиясы мен имиджін ілгерілету, партиялық жобаларды іске асыру, бастауыш партия ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау  жүргізу жұмысының тиімділігін арттыру, бастауыш партия ұйымының жұмысын бір жақты жүйеге келтіру керектігін айтты. Сонымен қатар, саяси тұрақсыздықтан ең әуелі қарапайым халықтың зардап шегетінін, тәртіп пен жүйе жоқ жерде проблемалар шешілмейтінін, экономика төмендегеннен кейін халықтың өмір сапасы да нашарлайтынын атап өтіп, Үкімет пен барлық атқарушы билік «Nur Otan» партиясының және сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды уәделерін орындай отырып, елдің алдында тұрған нақты мәселелерін шешуге тиіс екенін еске салды. Сондай-ақ, партия аудандық филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілеріне бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
«Үлгілі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Фазыл Шаухаров ортаға шығып, семинар барысында бастауыш партия ұйымдары алдына үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктелгенін, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелі жаңғыртуда жүйелі жұмыстар атқарылатынына сенім білдірген соң, семинарды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Молдиярұлы қорытындылады.
«Nur  Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаевтың аудандық филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарына жасаған зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты «Жарық тарату», «Байзақ», «Диқан», «Абай» бастауыш партия ұйымының жетекшілері «ескерту» түрінде, ал, «Мерей» бастауыш партия ұйымының төрайымы аудандық мемлекеттік рәміздер туралы комиссия отырысының шешімімен жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.
Атқарылып жатқан жұмыстың аз еместігін айтып, ағымдағы жыл ішінде барлық бастауыш партия ұйымында Саяси кеңестің Бюро мүшелерімен бірлесе қоғамдық қабылдау өткізетіндігін айтты. Басқосу соңында Қырғызәлі Тілеуұлына партия облыстық филиалы бойынша Байзақ ауданының кураторы болуымен құттықтап, семинарға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты.

Обновлено 16.01.2020 10:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін105
mod_vvisit_counterКеше687
mod_vvisit_counterОсы аптада2898
mod_vvisit_counterӨткен аптада2719
mod_vvisit_counterОсы айда7624
mod_vvisit_counterӨткен айда17261
mod_vvisit_counterБәрі1108984

Серіктестер