Онлайн газет



ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ

Күні кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көріп, оқырмандардың назарына ұсынылды. Бұл еңбек – ұлы ойшыл Абайдың мол мұрасын бүкіл жұртқа паш етудің, кемеңгердің 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудің маңызы зор  деп білемін.

Мақалада Мемлекет басшысы ұлт  мақтанышы Абай Құнанбайұлының әдеби-философиялық мұрасын жаңаша оқып-үйренуді ұсынады. Ақын мұрасының болашақ ұрпақты адамгершілік, адалдыққа, имандылық пен ибалыққа тәрбиелейтіндігін атап өтеді.
Ұлы ақынның шығармалары  ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз, жалпы бірнеше тілге  аударылған.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік меңгерген. Әлем ойшылдарының еңбектерін жан-жақты білген Абайдың, әсіресе, “Қара сөздері” ауқымдылығымен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай кім? Қандай тұлға болған? Ғұламаның тарихымызда алатын орны қандай? Абай мұрасының қандай тұстары өмірімізге ерекше қажет? Оны қалай зерттеп білеміз? Осы сауалдарға Мемлекет басшысының мақаласы жан-жақты жауап береді.
“Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық,-деп Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы, халқымызбен мәңгі бірге жасай беретін болады.

Перизат Оспанова,
Темірбек ауылдық округі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін256
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2640
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8301
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234573

Серіктестер