Онлайн газет



СЕНАТОРЛАР – АУДАНЫМЫЗДА

Өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев кеше, жұмыс сапарының төртінші күнінде облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақовпен бірге біздің ауданға келді.

Сенаторлардың іссапары алдымен аудандық орталық кітапханадағы білім орталығында аудан ардагерлерімен кездесуден басталды. Басқосуды ашқан аудан әкімі Нұржан Нұржігітов Сенат депутаттарын таныстырып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Алдымен сөз алған Мұратбай Жолдасбаев жұмыс сапарының мақсатын айта келе, атаулы әлеуметтік көмек, мұғалімдер мәртебесі, денсаулық сақтау жүйесіндегі соңғы жаңалықтар жайлы ой бөлісу үшін келгендерін жеткізді. Ал, Абдалы Нұралиев болса, киелі Байзақ жерінде еңбек еткен жылдарына тоқталып, республикалық деңгейде атқарылған жұмыстарды атап өтті.
- «2019 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті тұрақты комитеттерінде 83 заң жобасы қарастырылып, қабылданды. Оның ішінде, ҚР Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, дербес заңдар мен қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін 27 заң жобасы қаралды. Халықаралық шарттар және келісімді ратификациялауға бағытталған 45 заң бекітілді. 2019 жылы әлеуметтік мәселелерге, әсіресе, халықтың әл-ауқатын арттыруға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау мәселелеріне басты көңіл аударылғанын атап өткім келеді. Сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсеткіштерін жетілдіруге және көп балалы аналардың бірінші кезекте тұрғын үй алуын, жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй беруді, табысы аз қызметкерлерге салық жүктемесін төмендетуді, сонымен бірге, педагогтарға жалақыны, студенттерге шәкіртақыны арттыруды көздейтін және аз қамтылған отбасы балаларына кепілді әлеуметті пакетті енгізуге арналған заңдар қабылданды», - деді. 
Өткен жылдың аяғында қылмыстың алдын алу мақсатында қабылданған заңға ерекше назар аударған Абдалы Тоқбергенұлы аталмыш заңда сексуалді педофилге, мал ұрлығы, мас күйінде көлік құралын басқару, есірткіні қолдану мен тасымалдауға байланысты нақты шешімдер қабылданғанын айтты.


«Соңғы осы республикалық бюджетті талқылаған кезде облыс әкімі Асқар Исабекұлының сұранысы бойынша өңірді газдандыру мақсатында 1 млрд. 200 млн. теңгеге депутаттық сауал жолдап, нәтижесінде Байзақ, Сарысу, Талас аудандарының әрбіріне 300 млн. теңгеден қаражаттың бөлінуіне ықпал еттік», - деп сөзін түйіндеді.
Ал, атаулы әлеуметтік көмек бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсінік берген аудан басшысы бүгінгі таңда ауыл, ауылдық округтермен төрт топ жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. «Осы бағытта 2 млрд. 650 млн. теңге бөлініп, оны 3935 отбасы алды. Оның алды 175 мың, орташа 80 мың теңгеден алып отырды. Зерттеу нәтижесінде сол отбасылардың 25 пайызы, яғни 1014 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ілінеді. 1800 отбасы көп балалы аналарды құрап, барлығы тиісті орындардан тіркеуден өтті. Енді, қалған 1081 отбасымен жеке-жеке жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда», - деді Нұржан Молдиярұлы.
Бұдан соң аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысқан сенаторлар жастармен жүздесіп, ой – пікірлерін ортаға салды. Жылы жүздесуде аудан жастарының жыл бойына атқарған жұмыстары, жеткен жетістіктері сөз болып, естелікке суретке түсті. Ал, аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығында көп балалы аналармен өткізілген кездесуде депутаттар атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйе бойынша төленуі тұрғысында сөз қозғап, аталған өзгерістер бойынша тұрғындар арасында түсіндіру шараларын кеңінен атқару қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде жиынға қатысқан аналар да көкейде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды.
Қазақстан Республикасы Парламенті жоғары палатасының депутаттары жұмыс сапарын Сарыкемер ауылындағы спорттық – сауықтыру кешенінде қорытындылады. Онда кешен жұмысымен танысып, аудан спортшыларымен кездесті.
Бұдан соң халық қалаулылары жұмыс сапарымен Тараз қаласына аттанып кетті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 13.01.2020 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін171
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2555
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8216
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234488

Серіктестер