Онлайн газет



САЯСИ КЕҢЕСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫНДА

Осы аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Саяси кеңестің Бюро отырысы болып өтті. Партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында күн тәртібінде алты мәселе қаралды.


Алдымен Саяси кеңестің Бюро мүшелері күн тәртібіне шығарылған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту» және «Партия аудандық филиалының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған медиа-жоспарын бекіту» туралы мәселелерді талқылады. Онда ішкіпартиялық жұмыс, партиялық бақылау комиссиясы, «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаржыны мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау, партияның идеологиясы мен имиджін ілгерілету, партиялық жобаларды іске асыру, қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін қамтамасыз ету, партия органдары жұмысының тиімділігін арттыру бағыттары қамтылған. Сондай-ақ, жергілікті ақпарат құралдарында аудандық филиал қызметіне ақпараттық қолдау көрсетуге арналған медиа-жоспар да назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес, партия аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағалығына Алтынбек Жамишжанов, ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Рабат Сарсенов сайланды. Екі комиссияның да құрамы жеті адамнан бекітілді.


Бұдан кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты территориялық жағынан жақын орналасқан бастауыш партия ұйымдарын біріктіру мәселесі енгізіліп, партия Жарғысы мен «Бастауыш партия ұйымы туралы» Ережеге сай 36 бастауыш партия ұйымдарының кейбірі қызметін тоқтатып, олар 21 бастауыш партия ұйымына біріктіріліп, атаулары өзгертіліп, қайта құрылды.
Партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов отырыстың күн тәртібіне қосымша бір мәселе шығаруды ұсынды. Ұсыныс қолдау тапқан соң Нұржан Молдиярұлы партия аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының жұмысын зерделеу анықтамасын оқып берді. Онда зерделеу барысында орын алған кемшіліктер нақты көрсетіліп, аудандық филиал тарапынан бастауыш партия ұйымдарының жұмысы мүлдем назардан тыс қалғандығы, сондай-ақ, аталмыш ұйымдардың ішкіпартиялық қызметін жан – жақты ұйымдастыруда партия Жарғысын, Ержелері мен Нұсқаулықтарын басшылыққа алмағаны туралы қорытынды жасалған. Осыған байланысты аудандық партия филиалының төрағасы мен оның бірінші орынбасарына бірқатар ұсыныстар жолданған. Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаевтың ауданға жұмыс сапары барысында бастауыш партия ұйымдары жұмыстарына жасаған зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты «Жарық тарату», «Байзақ», «Диқан», «Абай» бастауыш партия ұйымының төраға - төрайымдары және партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Отырыс соңынан Саяси кеңестің Бюро мүшелері күн тәртібінде қаралған әрбір мәселеге байланысты тиісті қаулылар қабылдады.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.

Обновлено 13.01.2020 10:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін236
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5887
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1794
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253463

Серіктестер