Онлайн газет



АБАЙДЫҢ ШЫНАЙЫ ҰЛЫЛЫҒЫ

Ұлы ақын, жазушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойы қарсаңында «Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарық көрді.

Абай Құнанбайұлы ойшыл, ақын, композитор, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, Ислам негізінде орыс, сондай-ақ еуропалық мәдениетпен жақындасу рухында мәдениеттің реформаторы болып ел тарихында өшпес із қалдырды.
Президенттің «Біз ұлттық сананы жаңғыртып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырғымыз келсе, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек», - деген пікірімен толықтай келісемін. Ақын өз заманының ғана емес, бүгінгі қоғамның да бейнесін шығармаларында кеңінен бейнелеген. Сондықтан да, ақынның шығармашылықтарына, сондай-ақ бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайтын оның шығармалары арқылы қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін арттыруға баса назар аударудың мәні зор.
Аталған мақалада ең өзекті он ой оқырман назарына ұсынылып, ауқымды мәселелер қозғалды. Одан бөлек, Абайдың 175 жылдығын өткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар, оның негізгі идеяларын талдауды қамтиды. Сонымен қатар, оларды ХХІ ғасырдың призмасы арқылы қарастырады.
Ұлы Абайдың мерейтойы бізге мереке үшін емес, ұлттың санасын қайта түлету үшін қажет деп есептеймін.

Амангелді ТЛЕПОВ,
аудандық  әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің директоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін78
mod_vvisit_counterКеше527
mod_vvisit_counterОсы аптада1233
mod_vvisit_counterӨткен аптада3145
mod_vvisit_counterОсы айда14142
mod_vvisit_counterӨткен айда15036
mod_vvisit_counterБәрі1130538

Серіктестер