Онлайн газет



ЖЕРЛЕСІМІЗ - «ЖЫЛ ЗАҢГЕРІ»

Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік аулында туып – өскен Досжан Әміровтың есімі бүгінде байтақ қазақ еліне айтарлықтай таныс десек орынды.
Ол туған аулында орта мектепті аяқтап, міндетті 2 жылдық әскери борышын өтеп келген соң жоспарлап жүрген жоғары оқуға жол тартады. Қарағанды қаласындағы Мемлекеттік заң университетін оқып бітіргеннен кейін оның осы заң саласында қызмет атқарып келе жатқанына қазіргі шақта отыз жылдан астам уақыт болды.

Еңбек жолын алғаш адвокаттық қызметтен бастаған Досжан Сарманқұлұлы сатылап өсіп  бірді –екілі қалалық соттардың төрағасы, кейінірек Солтүстік Қазақстан облыстық , Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан)  Жамбыл облыстық соттарында төраға орынбасары лауазымында еңбек етті.
Білім – білігі мен жинақтаған тәжірибесі бойынша оңды  нәтижелерге жетуі арқасында жоғары басшылықтың назарын өзіне аударған Д.Әміров  кезегімен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында сот төрағасы қызметін абыроймен өткеріп, бедел биігінен көрінді.
2017 жылдан Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметінде келеді.
Қызмет бабына қарай ауыл –елден қашықта жүргенімен туған жерінің жақсы атын шығарып, ауданның тыныс- тірлігіне шынайы жанкүйерлік сезімін білдіруде өзгелерден озық  байқалатын Досжан Сарманқұлұлы ауданымыздың Құрметті азаматы екенін елдің есіне сала кету артық емес.
Жуырда  «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен «Qazaquni.kz» ұлттық порталы  өткен жылды қорытындылай келе 2019 жылғы «Жыл адамдарын» саралап, «Жыл адамы – 2019» таңдаулыларын анықтады.
Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдады.
Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізіліп, арнайы құрылған Сарапшылар алқасы үздіктерін белгілеген.
«Жыл адамы – 2019» байқауының 21 номинация бойынша анықталған 24 жеңімпазы ішінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміров «Жыл заңгері» болып атанды.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың 2019 жылы «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде жарық көрген «Мемлекеттік тілді меңгеру – еліміздің әрбір азаматының міндеті» атты мақаласы қоғам тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. «Себебі, бүгінгі таңда сот саласында мемлекеттік тілдің үстемдігі байқалмайды. Досжан Әміров өз мақаласында сот саласының қазақ тіліне көшу керектігін атап өтіп, оның бірнеше жолдарын да көрсете білді», - деп тоқталды, «Қазақ үні» республикалық қоғамдық - саяси газеті мен «Qazaquni.kz» ұлттық порталы.
- Еліміздің сот жүйесіне елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан қайраткерлердің бірі Досжан Сарманқұлұлы әсіресе мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру, оның сот жүйесіндегі қолданыс аясын кеңейту бағытында тынымсыз еңбектеніп жүрген төрағалардың  бірегейі.  Д.Әміровты осынау қоғамдық мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жылда зор денсаулық, отбасылық табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне абырой тілейміз, – депті судьялар қауымдастығы.
Ендеше біз де жерлесіміздің осынау жоғары жетістігіне мақтана отырып Досжан Әміров мырзаға тағы да тамаша жеңістерге жетіп, отбасылық бақытының еселене беруіне тілеулестігімізді білдіреміз.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.01.2020 10:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін93
mod_vvisit_counterКеше687
mod_vvisit_counterОсы аптада2886
mod_vvisit_counterӨткен аптада2719
mod_vvisit_counterОсы айда7612
mod_vvisit_counterӨткен айда17261
mod_vvisit_counterБәрі1108972

Серіктестер