Онлайн газет



ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Болашаққа жарқын істермен қадам басқан біздің аудан халқы үшін доңыз жылы толағай табысқа толы болғаны жасырын емес. Аудан орталығы Сарыкемерде және ауылдық округтерде атқарылған жол жөндеу жұмыстары, әлеуметтік құрылыстардың қарқынды жүруі, тағы да басқа құрылыс жұмыстарының орын алуы ел көңілін қанаттандырғаны сөзсіз. 

31 желтоқсан күні, кешкі сағат 21.00-де аудан әкімі Нұржан Нұржігітов шырша маңына жиналған жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтап, ауданның ағымдағы жылы қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.
Одан соң мерекелік кеш сахналандырылған көріністерге ұласты. Аудан орталығындағы №1, Сарыкемер, Н.Киікбаев мектеп – гимназиялары мен Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы және де Ю.Гагарин орта мектебінің ұжымы доңыз жылын шығарып салып, тышқан жылын қарсы алу қойылымдарын көрсетті. Санта Клаустар дөңгелене билеп, Ақшақарлар ән салды.
Көздің жауын алатындай әсем безендірілген шырша маңына жиналғандарды Аяз ата мен Ақшақар Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып думанды қыздыра түсті. Концерттік бағдарламаның соңы арнайы дайындалған мерекелік отшашумен аяқталды.

Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА.

Обновлено 08.01.2020 10:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін116
mod_vvisit_counterКеше687
mod_vvisit_counterОсы аптада2909
mod_vvisit_counterӨткен аптада2719
mod_vvisit_counterОсы айда7635
mod_vvisit_counterӨткен айда17261
mod_vvisit_counterБәрі1108995

Серіктестер