Онлайн газет



КҮЗГІ ЕГІС - ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Өткен жылы аудан бойынша 1207 гектар алқапқа қант қызылшасы орналастырылса, оның ішінде, 130 гектар тамшылатып суару технологиясымен егілген. Күзгі науқанда алқаптар толығымен жиналып, одан 38021 тонна өнім алынған. Жиналған өнімнің 37609,3 тоннасы «Тараз» қант зауытына өткізілсе, әр гектардан орташа өнімділік көрсеткіші 315 центнерді құраған. 

Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжілісінде «Күзгі егіс – дала жұмыстарының қорытындылары және 2020 жылдың егін жоспары туралы» тақырыбында баяндама жасаған аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышев айтты. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне алты мәселе шығарылып, оның әрбіріне қатысты сын – ескертпелер айтылды.
Әлібек Қаппарұлы өз баяндамасында өткен жылдың он бір айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 37 миллиард 92,4 миллион теңгені құрағанын атап өтті. Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жер көлемі 58492 гектар болса, оның 28137 гектары суармалы, 30355 гектары тәлімі жер болып саналады. Жалпы, егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында дәнді және дәнді-бұршақты, көкөніс – бақша және мал азықтық дақылдарға басымдық беріліп, көлемі арттырылған. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда мақсары мен қант қызылшасы дақылдарының көлемі азайғаны туралы нақты себептер де айтылды.
Сонымен бірге, тамшылатып суару технологиясын қолдану, жеңілдетілген дизель отынын толық алынбауы, егістік жерлерге тыңайтқыштар беру, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытындағы жұмыстар, егілген дақылдардан жиналған өнімдер, мал азығын дайындау, күздік себу, сүдігер жырту жұмыстары жөнінде баяндалды.
Бұдан соң аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айдын Алтай «Ауданда Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» баяндама жасады. Күн тәртібіне шығарылған алғашқы екі мәселе бойынша есеп берген баяндамашыларды сынға алған аудан әкімі «қанағаттанарлықсыз» деп бағалап, аталмыш баяндамада көрсетілген әрбір көрсеткіштерге талдау жасау қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ күн тәртібіндегі – «Ауданда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» және «Мүліктерді аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне алу туралы» мәселелер белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылды.
Ал, аудан әкімдігінің 2020 жылдың бірінші тоқсанына арналған жұмыс жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілген соң, аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев «Аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» хабарлама жасады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 08.01.2020 10:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1556
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7573
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33140
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203870

Серіктестер