Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Өткен жылдың он бір айында аудан аумағындағы жалпы қылмыс саны 294 деректен 250 дерекке, яғни он бес пайызға төмендеген. Оның ішінде, қоғамдық орында орын алған, көшелерде, кәмелет жасқа толмағандар арасында, мас күйінде, топпен жасалған қылмыстар саны төмендесе, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс саны өскен екен. 

Бұл өзекті мәселе туралы аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткізілген аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Күн тәртібіне сәйкес «Аудандық полиция бөлімінің ағымдағы жылдың он бір айында атқарылған жұмыстары туралы» есеп берген аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ернар Исмаилов жасаған баяндамасында жоғарыда келтірілген деректерге тоқталды.
Ернар Ерғалиұлы бұрын сотты болғандармен саралау жұмыстары жүргізілгенін, орын алған 76 деректің 20-сы алдыңғы үш жылдан бері ашылмай келе жатқанын, қалған 56 қылмыстың осы жылы орын алғанын атап өтті. Ендігі кезекте осы қылмыстардың отыз дерегі - ұрлық, үш дерек - алаяқтық, тоғыз дерек – есірткі затын сақтау, тасымалдау, алты дерек – бұзақылық қылмысына қатысты болса, жол-көлік оқиғасы, көлік құралын мас күйінде екінші рет басқару, көлік құралын заңсыз иемдену, тонау қылмыстары бойынша әрқайсысынан екі деректен тіркелген. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есірткі затын сақтау, тасымалдау және көлік құралын мас күйінде екінші рет басқару деректері бойынша қылмыстарды бұрын соттылығы жойылмаған азаматтармен жасалғанын тікелей анықтаған. Алайда, бұл есептегі азаматтарға қандай да бір шектеу, профилактикалық бақылау немесе қадағалау орнатылмаған. Бұл санаттағы азаматтар тек қана тізімдік есепте тұрып, тоқсанына бір рет тексерілген. Ал, бақылауда немесе қадағалауда тұрған бірде бір есептегі азаматтар қылмысқа қайта бармаған.
Бұдан бөлек, аталмыш баяндамада құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түрлі дәрежедегі әкімшілік құқық бұзушылық деректері үшін барлығы 4268 хаттама толтырылғаны, аудандық полиция бөлімінің БДБ базасында профилактикалық есепте тұрғандар, олармен атқарылып жатқан жұмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, республикалық, облыстық, аудандық мәндегі тас жолдарда орын алған жол-көлік оқиғалары, табиғатты қорғау полиция тобының жұмысы, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстар туралы кеңінен сөз болды.


Бұдан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы» аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Арғынбай Сқақов пен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі Өсер Нұрбаев есеп берді.

*   *   *
Осыдан кейін аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Нұржан Нұржігітов төрағалық етті. Аталмыш отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Алдымен күн тәртібінің регламенті бекітіліп болған соң, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігінде кадрлық қамтамасыз ету мәселесі және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы туралы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің қызметкері Кәмшат Күсемісова есеп берді. Кәмшат Қалдыбайқызы өз сөзінде мемлекеттік органдардың штат саны 213-ті құрайтынын, нақты қызметкер саны – 198 болса, бос лауазымдар саны – 15 бірлік екенін жеткізді. Сонымен қатар, баяндамада қызметтен босатылғандар саны мен оның себептері, өткізілген конкурстар нәтижелері, мемлекеттік қызметкерлерді жоғары лауазымға ұсыну, тәртіптік жазаға тартылғандар, біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өткендер жөнінде нақты мәліметтерді келтірді.
Бұдан соң күн тәртібіне шығарылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында аудандық арнайы мониторингтік топтың 2019 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы аталмыш топтың жетекшісі Ғайни Көшекбаеваның есебі тыңдалды.
Комиссия мүшелері отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылдады.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 08.01.2020 10:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін239
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5890
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1797
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253466

Серіктестер