Онлайн газет



Футболдан өткен аудандық турнир

“Жауынгерлік ерлігі үшін” медалінің иегері, Қазақстан Республикасы  Президентінің күзет қызметінің офицері Біржан Юсуповтың  жүлдесіне арналды

“Отан үшін отқа түс, күймейсің” депті Бауыржан  батыр. Шындығында да  туған  өлкесінің даңқын  биіктетіп, жауапты қызмет барысында қаза тапса да, оның ерлігі, қаһармандығымен қайсарлығы  мақтан  болған  айбарлы азамат  Біржан Юсупов-сондай ержүрек ұлдың бірі.  Өткен аптада Сарыкемер орталық стадионында Б. Юсуповты еске алуға арналған футболдан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен аудандық турнирге  80-ге жуық спортшылардан жасақталған  команда қатысты.
Туған өлкемізден шыққан айбынды азаматтың өнегелі өмірін  кейінгі жастарға үлгі ете отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойынын дамыту, олардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шарада мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды.
Дәстүрлі жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары  М.Демесинов құттықтау сөз сөйлеп, халқымыздың мақтанышы Бауыржан Момышұлының: «Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деген қанатты сөзіне сүйене отырып, Біржандай ермен мақтану - елдіктің белгісі екендігін айта келе, жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.
Дүбірлі дода тартысты өтіп қана қоймай, абзал азаматтың ерлік жолдары әспеттелді. Жарыстың нәтижесінде №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі көш бастаса,  екінші орынды Сарыкемер орта мектебі, үшінші орынды Н.Киікбаев атындағы  орта мектептің командасы иеленді. Кейінгі орындарды Қазақстанның 40 жылдығы мен Ю.Гагарин атындағы мектептердің командалары бөлісті.
Турнирде  жеңімпаздар  арнайы кубокпен,  медальдармен марапатталып, команда мүшелерімен  сайысқа төрелік еткен төрешілерге арнайы спорттық киімдер табыс етілді. 
Аталмыш турнирді ұйымдастырып, демеушілік еткен Қожамқұловтардың отбасына алғыстар айтылды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1764
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5905
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31472
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202202

Серіктестер