Онлайн газет



БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАДЫ

«Nur Otan»  партиясының «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында №3 Байзақ колледжінде қайырымдылық  акциясы ұйымдастырылды.


Аталмыш колледжде көп балалы, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларының балаларын қолдау, жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру мақсатын көздейтін шара жыл сайын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Биыл да өз жалғасын тапқан қайырымдылық акциясына колледж ұжымы, ата-аналар, Сарыкемер ауылында орналасқан «Жанұя» дүкенінің әкімшілігі, «Байзақ - Дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Шара барысында колледжде білім алатын көп балалы, әлеуметтік - тұрмыстық жағдайы төмен 13 отбасының  балаларына  қыс мезгіліне арналған жылы сырт киімдер мен аяқ киімдер, азық - түліктер табысталды. Игі іс-шараға аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, аудандық мәслихат депутаты Сәния Алтаева қатысып, ата-аналар мен студенттерге ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы тарапынан қайырымдылық акциясына қатысып, жомарттық пен кеңпейілділік танытқан «Жанұя» дүкенінің әкімшілігі мен «Байзақ – Дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Алғыс хат табысталды. Ата - аналар да өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

*   *   *
Аталмыш қайырымдылық акциясы аясында «Мұрагер» бөбекжай-бақшасында тәрбиеленіп жатқан аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ұйытқы болған шарада аудандық депутаттық фракция мүшесі Сәния Алтаеваның демеушілігімен бөбекжайдың 56 тәрбиеленушісі мен 27 қызметкеріне сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, бөбекжай-бақшаның «Балақай» тобынан он, «Болашақ» тобынан алты, «Айгөлек» тобынан он екі, «Күншуақ» тобынан тоғыз, «Құлыншақ» тобынан он үш және «Зерде» тобынан алты балаға мерекелік сыйлықтар берілді.
Шара барысында аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова мен бөбекжай-бақшасының директоры Сәния Мақсұтқызы балаларға денсаулық, ал бөбекжай-бақшасының ұжымына табыс тілей отырып, өздерінің құттықтау сөздерін жеткізді.

Мұхтар Манекеев.

Обновлено 06.01.2020 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін58
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6075
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31642
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202372

Серіктестер