Онлайн газет



ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН АШТЫ

Жастар жылында жастардың әлеуетін көтеріп, олардың іскерлікке баулитын «Жас кәсіпкер» жобасының алатын орны айрықша. Ауданымызда да «Жас кәсіпкер»  жобасы аясында кәсіпкерліктің қыр-сырын оқыған 29-ға дейінгі жастардың  400-ден астамы  жеке кәсібін ашты.

Аталған жобаның ІV легін бітірген және бизнес-жоспарын сәтті қорғап шыққан 21 жасар Назерке Болатқызы 505 мың теңге мөлшерінде грант алып, кішігірім құймақ дәмханасын ашып, тұтынушылардың сұранысына сай өнімдердің өндірісін жолға қойып отыр.
Құймақ дәмханасының ашылу рәсімінде лентаны «Атамекен» ҰКП-ның бизнес жаттықтырушысы Диана Муратова қиып,  шәкіртінің бастап отырған бизнесінің өркендеуіне тілектестігін білдірді. Одан ары сөз алған «Атамекен» ҰКП-ның директоры Нұрбек Джаманқұлов пен бизнес жаттықтырушы Гүлзат Искакова бүгінде екі қолға бір күрек таппай жүрген жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және аудан экономикасын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретін бірқатар мемлекеттік жобалардың маңыздылығын айта келе, жас кәсіпкерге табыс тіледі.
- «505 мың теңгеге екі құймақ пісіретін электр-плиталарын, электр шәйнегін (титан), микротолқынды пеш, миксер, мұздатқыш пен вафель пісіретін құралды сатып алдым. Әзірге жайды жалға алып отырмын. Алдағы уақытта бастаған жұмысымды кеңейту ойымда бар», - деді жас кәсіпкер бізбен әңгімесінде.
Өз ісін жаңадан ашқан жастың бірі - Жұлдыз Әпжапарова. Ол да «Еңбек» бағдарламасы бойынша 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алыпты. Аудан орталығынан екі қабатты ғимаратты айына жүз мың теңгеге жалға алып, қазан айының соңында «JA studio» атты сұлулық салонын ашқан екен. Аталған қаражатқа бес дана жарықтандырылған айна, үш кушетка, екі маникюр үстелін, үш кресло мен жеті орындық, бір ресепшн мен екі сөре, комод, сондай-ақ, қажетті құралдарды алған Жұлдыз бүгінде өзінен бөлек жеті адамды жұмыспен қамтып отыр. Салонда кірпік жалғау, тырнақ пен бет әрлеу, шаш қию, бояу және  сәндеу қызметтері көрсетіледі. Сарыкемер ауылының тұрғыны Қадыржан Арыстанбеков те бизнес-жоспарын сәтті қорғап, үйінің жанында бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп,  16-20 адамға арналған PS-4 шағын ойын орталығын ашыпты. Орталықтың шаруасын дөңгелетіп отырған ол болашақта кәсібін кеңейтуді көздеп отырғандығын жеткізді.

Гүлжан ТУРСУНХОДЖАЕВА.

Обновлено 06.01.2020 11:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін894
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3186
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10827
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262496

Серіктестер