Онлайн газет



АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР БЮДЖЕТТЕРІ НАҚТЫЛАНДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХХ сессиясы болып өтті. №4 сайлау округінен депутат Сәкен Рәпілбековтің төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Кезектен тыс сессияның күн тәртібіне шығарылған “2020-2022 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы” мәселеге қатысты аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков хабарлама жасады.
Ол ұсынған бюджет жобасына сәйкес, ауылдық округтер бюджеттерінің өзіндік кірісі 2020 жылы 232911 мың теңгені, трансферттердің түсімі 2 255 229 мың теңгені құрайтынын, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген трансферттерді атап өтті. Хабарламашы бюджеттің шығысы тиісінше 2 488 140 мың теңгені құрайды деп жоспарланып отырғанын жеткізіп, «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер», «Білім беру», «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» функционалдық топтары бойынша қаралған қаржыға тоқталды. Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес, «Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрамы туралы» аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 30 маусымдағы №16-9 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар берілгенімен, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды. Кезектен тыс сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл, аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1842
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5983
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31550
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202280

Серіктестер