Онлайн газет



ДЕНСАУЛЫк ФЕСТИВАЛІ

Өткен аптаның сенбісі күні саламатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын, мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде физикалық белсенділік және спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден бас тарту мен әр адамның өз

денсаулығына деген үлкен жауапкершілікті арттыру мақсатында “Денсаулығым керемет-жаттығуға көп рахмет!” ұранымен  дәстүрлі кең  ауқымды “Денсаулық фестивалі-2013” шарасы өтті.

«Қазақстан-2050” Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Елбасының Жолдауында: “Дене шынықтыру және спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті болып саналады” делінген. Ал «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану арқылы ел азаматтарының өмір жасын ұзартудың маңызы айтылған. Осыған орай  еліміздің барлық аймақтарында қыркүйек айында Денсаулық мерекесіне айналған «Денсаулық фестивалі» өткізіліп келеді.
Бірінші «Денсаулық фестивалі» 1999 жылы «ХХІ ғасырда баршаға денсаулық!» атты ұранмен өтіп, оған 1 млн. астам  адам қатысты. 2003 жылы «Өмір. Қозғалыс. Денсаулық!» ұранымен өткізілген “Дене шынықтыру белсенділігінің сағаты» акциясына қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі қуат беріп, оған 5 милионнан астам қатысқан қазақстандықтар бір мезгілде бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын жасап, “Гиннестің рекордтар” кітабына еніп қана қоймай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы сыйлығымен аталып өтілген болатын.
Үстіміздегі жылғы Денсаулық күні  ЖОСӨСҚО Байзақ аудандық филиалы және  аудан әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің мұрындық болуымен орталық алаңда өткерілді.
Еліміздің Әнұраны шырқалғаннан соң,  аудан  әкімінің орынбасары М.Демесинов   жиналғандарды денсаулық мерекесімен құттықтады.Бұдан соң жиналған көпшілік «Денсаулығым керемет-жаттығуға көп рахмет!» ұранымен таңертеңгілік жаттығулар жасап, жаттығулардың адам ағзасына пайдасын жан-жақты көрсете білді.
Іс-шара аясында салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша кеңес беру,  дене тәрбиесі және спорт, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, жарақаттанудың алдын-алу бойынша «Денсаулық қалашығы»  ашылды. Бұл жерде ниет білдірушілер қан қысымын өлшетіп, денсаулығын нығайту мақсатында ақпараттық –оқыту материалдармен және денсаулыққа арналған кеңестер алды, кездейсоқ жарақат алған бірнеше азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.
Мұнымен қатар «Денсаулық фестивалі» аясында волейболдан, армреслинг, арқан тарту, мини-футболдан жарыстар ұйымдастырылып, жүлдегерлер топ жарып, қошемет пен құрметке бөленіп жатты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.09.2013 17:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1176
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2919
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20998
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228384

Серіктестер