Онлайн газет



АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ АКТИВІ

Өткен жұма күні, Сарыкемер мектеп – гимназиясында аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы 25 қарашада өткен партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездесуінде берген тапсырмаларын талқылауға арналған “Nur Оtan”партиясы аудандық филиалының активі болып өтті.

Мәжілістің күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң, күн тәртібіндегі «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 25 қарашасындағы партия аймақтық филиалдары өкілдерімен өткен кездесуінен туындайтын міндеттер туралы» «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова баяндама жасады.
Шолпан Қайратқызы Елордада өткен үлкен партиялық шараға қатысып қайтқанын, мәні жоғары, мәртебесі биік республикалық басқосуда Партия Лидері Н.Ә.Назарбаев – «Nur Otan» партиясының алдында тұрған келелі міндеттерге кеңінен тоқталғанын айтты.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының іргелі істері – заман ағымына сай жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына оң қадам жасаумен ерекшеленуде екенін алға тартқан Шолпан Қайратқызы оның айқын дәлелі ағымдағы жылдың 21 тамызындағы Бас партияның кеңейтілген Саяси кеңесі ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасына негізделгенін атап өтті.    
- «Бұл партиялық құжат қазіргі таңда көпұлтты қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болып отыр. Өйткені, партияның халықпен ашық диалогты көздеген 7 серпінді бастамасын – берік іргетасы қаланған және кезек күттірмес партиялық құжат деп түсінемін», - деді. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан сайлауалды кезеңде партияның жұмысын күшейту және депутаттар жұмысы мен мәслихаттардың мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға маңыз берді.
Шара барысында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы және Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сания Алтаева, «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы «Мерей» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлбахрам Ермекова, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы Әлібек Мырзабеков жарыссөзге шықты.
Мәжілісті қорытындылаған «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Молдиярұлы бүгінгі партия белсенділерін жұмылдыруға негізделген жұмыстар мен өркенді өзгерістер – уақыт талабынан туындап отырғанын қадап айтты.
Қазіргі таңда, еліміздегі нақты істер партиясының басты міндеті – ішкіпартиялық жұмыстарды жүйелі жүргізудің негізінде жаңа өңірлік партия лидерлерін айқындау және бастауыш партия ұйымдарын жаңашыл жұмыстар жүргізуге бейімдеу болып табылатынын айта келе, партия активін партия жұмысын жаңғыртуда белсенділік танытуға шақырды.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 04.12.2019 15:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін125
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1847
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7361
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090898

Серіктестер