Онлайн газет



БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ-ДАМУ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында ел алдында тұрған келелі міндеттер айқындалып,  халықтың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Атап айтқанда, ел азаматының  тұрмысының жақсаруы тікелей мемлекеттің дамуына, аталған азаматтардың өмір сапасы мен елді дамытуға қосатын  үлесіне байланысты екендігі айтылған. Жолдауда  Президент қоғамдық келісімді нығайтудың маңызына тоқтала келе:  «Әлеуметтік және этностық топтар арасындағы келісім - бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді  нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымыз: «Ел бірлігі-оның әралуандылығында!» деген  болатын.
Бірлік және келісім –  Қазақстан дамуының негізі. Өткен тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз бірлік пен татулықтың үлгісін көрсете білген. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бүгінгі таңда, көпұлтты елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіріп, ел игілігі жолында тер төгуде. Елімізде тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға, ары қарай өркендетуге толықтай мүмкіндік жасалған. Барлық этностарға Ата Заң негізінде білім алып, еңбек етіп, әртүрлі салаларда табысқа қол жеткізу үшін жағдай жасалып отыр. Елдегі ұлтаралық келісім мен татулықтың салтанат құруына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып тұрған үлесі зор. Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты жүзеге асуда.
Бірлік - елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі. Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отан алдындағы жауапкершілігі еліміздің өсіп-өркендеуінің темірқазығы болып табылады.Сондықтан аталған жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету міндетіміз.

Ақдидар Тасканбаева,
аудандық әділет басқармасының инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін137
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1859
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7373
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090910

Серіктестер