Онлайн газет



ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауы- қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды басымдықтарын белгілейтін, ең маңызды бағдарламалық құжат болып табылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына бірінші Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу жүйесіне енгізілген және азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік саясатты жаңғыртудан бастап, әлеуметтік мемлекетті бағдарлауға баса назар аудара отырып, адами капиталды

дамытуға ерекше назар аударды. Жолдауда Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген бірқатар әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен Қазақстан Президентінің халыққа берген уәдесін үнемі орындап, ел мәселесімен етене таныс екендігін тағы бір айғақтап берді.  Елбасы салып берген саясаттың сабақтастығын сақтай отырып, жүйелі реформалар жүргізу бейбітсүйгіш қазақ елінің басшыларына тән қасиет.
Жолдау әрбір қазақстандық үшін маңызды деп есептеймін. Еліміздің тұрақтылығы мен болашақтағы өркендеуге дем беретін факторлар – Қазақстан дамуының ең басты бағыты болуда. Бұл ретте сапаның артуы, оның ішінде, өндіріс, білім сапасы мен денсаулық, тіл, құқықтық қамтамасыз ету Президент Жолдауының басты  бағыты болып отыр.
Соңғы жылдары біздің еліміз көп балалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж жандарға аса мән беріліп, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар төленуде. Білім мен денсаулық қазіргі таңда бұрынғыдай емес, қолжетімділікке ие. Қазақ тілінің болашақтағы өз тұғырына қонып, мәртебеге ие болуы керектігіне байланысты зиялыларымыз  ертеден бері жазып та, айтып та келе жатқан мәселелердің қатарында болатын. Жолдауда бұл мәселе де айқын көрініс тапқан.
Әрбір қазақстандықтың зейнетақы қорында жатқан қаражаттарын тиісінше пәтер алуға жұмсауына қолайлы жағдайлар жасау, баспана мәселесін шешуге де түрткі болатыны анық. Елімізде ұстаздар қауымының көптен күткен "Педагог мәртебесі туралы" Заңның күтіліп қабылдануы, төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсыруы әрбіріміз үшін зор қуаныш.
Қазіргі таңда, әлемде қалыптасқан түрлі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, мемлекетіміздің әлеуметтік салаға, халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты ұстанған саясаты, сол саясат негізінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік бағыттағы реформалар дамыған елдердің қатарынан орын алуға негіз боларлық индекс.

 

Гүлжан БЕКЖІГІТОВА,
Н.Гоголь атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Обновлено 04.12.2019 15:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін78
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6095
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31662
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202392

Серіктестер