Онлайн газет



ТІЛ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ, ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ

Жақында Түймекент орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Қазақ тілінен өткізілген сабақтарда оқушылар қазақ тілінің байлығы, сөзжасам нормалары, қазақ тілінің грамматикасы туралы мол мәліметтерге қанықса, қазақ әдебиеті сабақтарында қазақтың ақындары мен жазушыларының шығармаларымен  танысып, оларға талдау жасады. Сыныптан тыс өткізілген іс-шараларда оқушылар қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу және шығармалар желісі бойынша қойылған қойылымдар арқылы жеткізді.
Осы онкүндік аясында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, мұғалімдердің ұйымдастыруымен әдеби кеш өткізілді. Кеште оқушылармен қатар мұғалімдер де Абай шығармаларын шеберлікпен орындады.
Қазақ қай уақытта да ақынын сыйлай білген халық. Сол ақындардың шығармаларын жинақтарынан оқып танысқан бір басқа да, ақынның өзімен кездесіп, сұхбаттасқан бір басқа. Осы мақсатта, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал ақын Жанатбек Тұрғынбаевпен «Көңіл көкжиегі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жауапты қызметтер мен ақындықты қатар алып жүрген азамат жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Оқушылар ақын шығармаларын жатқа орындады.
Пән мұғалімдері Роза Әлдекова, Ибагүл Әлдекова, Күлзипа Қилыбаева, Баян Уразбаева, Зейнеп Марасилова, Шара Құдабаева, Ғалия Құдайбергенова, Арай Жақыпбекова, Сұлушаш Туребаева, Венера Таласбаева, Гүлжан Искендерова ашық сабақтар мен сыныптан тыс  іс-шаралар өткізді.
Пән мұғалімдері Айдар Иманбеков «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбында семинар-практикум, Ибагүл Әлдекова «ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Онкүндік «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбындағы әдеби кешпен қорытындыланды.

Ұлбике КЕРИМҚҰЛОВА,
директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 04.12.2019 11:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін126
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1848
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7362
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090899

Серіктестер