Онлайн газет



КІТАП - РУХАНИ АЗЫҚ

«Кітап – білім бұлағы», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Білімнің қайнар бұлағы әрі рухани азығы кітапта десек, бүгінде осы байлықтың қадірін түсініп жатқан оқырманның қатары сиреп бара жатқаны белгілі.  Осы орайда, Бурыл орта мектебінің кітапханасында кітапқа деген құмарлықтарын арттыру мақсатында «Шаңырақ» жобасы аясында «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты дәстүрлі акциясы ұйымдастырылды.

Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған акция аясында кітап сөрелері мен бұрыш жасалып, кітап қорымен толықтырылды. «Сыйлыққа - кітап» атты арнайы іс-шараға оқырмандар көптеп қамтылып, акцияның пайдалы, ұтымды тұстары

таныстырылды. Бұл іс-шараны директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Оразбаева  ашып, адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін сөз етті. Шынында да, даналарымыздың біз мақтанатындай құнды мұралары көп. Осы мұралардан әрбір кітапсүйер қауымның нәр ала беруіне тілегін білдіріп, сөзінің соңында кітапхана оқырмандарына жыл сайын өз үлестерін қосып, акцияға атсалысуға шақырды.
Бүгінгі күні балалар әдебиетімен толыққан кітапхана өзінің оқырмандарымен, жанкүйерлерімен түрлі игі жұмыстарды атқаруда. Айталық, «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысы, «Кітап оқып, рухани бай бол» атты байқауларда оза шауып, төске өрлеген дарабоздар анықталып, Мақтау қағаздарымен марапатталып, суреттер, бейнероликтер мектеп сайтында жарияланды. Ең бастысы, өз оқырманын тапқан бұл жоба жетістігін көппен бөлісуде.

 

Алтынсара ХАМИТОВА,
Бурыл орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Обновлено 04.12.2019 11:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін191
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6208
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31775
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202505

Серіктестер