«БУККРОССИНГ» - КІТАП АЙНАЛЫМЫ |
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында әдебиеттерді оқылымнан шығарып алмай өз оқырманын табуына ықпал ету және балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту мақсатында «Буккроссинг» - кітап айналымы акциясы өткізілді. Алғашқы болып сөз сөйлеген мектеп директоры Нұрхан Абдуалиев қатысқандарға өзінің оқыған кітабы жайында айтып, шараның маңыздылығына тоқталды. Одан кейін, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бұзаубақова өз сөзінде
өзінің оқыған бірнеше кітаптары жайында айта келе, жергілікті ақын Асан Әлмақашұлының «Ырысты мекен - Ынтымақ» атты кітабын кітапханаға сыйлады. Шара барысында 7-8-сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптарынан үзінділер мен өлеңдерді жатқа айтып, кітаптарын кітапханаға сыйға тартты. Сонымен қатар, кітапхананың жұмыс бағыты мен сілтемелері жазылған жадынамалар мен бетбелгілер таратылды. Одан бөлек, мектеп кітапханасы арнайы «қауіпсіз» сөрелер мен орындарды ұйымдастырды. Мұнда оқушылардан бөлек кез келген кісі өзіне ұнаған кітапты алып қана қоймай, орнына басқа кітап қалдыра алады. Гүлбану Керімбекова, |
Халыққа жолдау

ЖАРНАМА








![]() | Бүгін | 125 |
![]() | Кеше | 601 |
![]() | Осы аптада | 1847 |
![]() | Өткен аптада | 4952 |
![]() | Осы айда | 7361 |
![]() | Өткен айда | 18846 |
![]() | Бәрі | 1090898 |