Онлайн газет



ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев ауданға арнайы келіп, еңбек ардагерлерімен кездесті.

Маңызы зор жүздесуге Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов, аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, ауылдық округтердегі ақсақалдар кеңесінің төрағалары, еңбек ардагерлері мен Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының ұжымы қатысты. Кездесуді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев ашып, келген қонақтарды таныстыра келе, басқосудың маңыздылығына тоқталды.
Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Өмірзақ Озғанбайұлы Нұр-Сұлтан қаласынан келу себебін түсіндіре отырып, Тәуелсіздік жылдары ұлтын – алға, ұрпағын – өрге, мемлекетін - мәртебелі биіктерге жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи зор еңбегі жөнінде жан - жақты айтып берді.
Елбасының нұрлы жолы халқымыздың ұлы қасиеттерін байыта түсуге және мемлекетіміздің мұрасы мол мұраттарға жеткізу жолы екені баршаға белгілі. Елбасы еліне, елі Елбасына сенім артып жаңа Қазақстанның тарихын жасағанын, әлем деңгейінде мойындалған Дара тұлғаның туған халқымен бірге жасай беретін теңдессіз тарихи еңбегі – Ұлы дала елінің ең жарқын тарихы болып қалатынын әңгімеге арқау етті.
Жиын барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы да кездесудің мәнді және әсерлі болғанын, өңірде және ауданда атқарылып жатқан іргелі істерді өз сөзінде келтіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Отанымыздың жарқын болашағы үшін жасаған ұлы тарихи қызметін ұдайы мақтан ететін атап көрсетті.
Аудан әкімі қызметіне кіріскеніне 100 күн толған аудан басшысы Нұржан Нұржігітовке «Бата дарып, бақ қонсын» атты баталар жинағын сыйға тартты.
Өз кезегінде Нұржан Молдиярұлы да ризашылық сезімін білдіріп, бүгінгі таңда жүз мыңнан астам халқы бар ауданда тоғыз мыңға жуық ардагерлер бар екенін, олардың әрдайым іргелі істердің ұйытқысы болып жүретінін жеткізді. Сонымен бірге, аудан орталығынан алдағы уақытта «Ардагерлер үйін» ашу бағытында жұмыстар жоспарланып жатқанын атап өтті.  
Кездесу соңынан Өмірзақ Озғанбайұлы кездесу қатысушыларына ағалық ақ батасын беріп, естелікке суретке түсті. Іссапар соңында қонақтар «Байзақ баба» кесенесіне барып, батырдың рухына құран бағыштады.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 03.12.2019 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін125
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1847
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7361
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090898

Серіктестер