Онлайн газет



ЕР мен ЕЛОРДА

Ұлы істер жайлы ғасыр толғайды
Ұлы істі ұлы халық қолдайды.
Ұлы ерді ұлы елі сомдайды.
Ұлы елді ұлы ерлер қорғайды,
Ел ордасыз Ер қорғансыз болмайды.


Жотасында жосылдырған киікті,
Дархан далам салқам төсін иітті.
Бірлігімен бағындырар биікті,
Тұтастық пен татулыққа ұйытқы,
Сән түзеді Астанамыз сүйікті.

Астанамен елім дағы ерікті,
Астанамен жерім дағы көрікті.
Астанамен асқақ рух келіпті,
Астанаға аспан нұрын төгіпті.
Азат елге ғажап сыйын беріпті.

Ерлігің мен елдігіңнен нәр алып,
Кеңдігіңмен, кемелденіп даналық,
Құлақ түріп кеңістік пен аралық
Ағылады жақсылық пен жаңалық,
Астанадан төрт құбылаға таралып.

Астанамен ардақтысың ұлықсың,
Татулықпен тартымдысың тұнықсың.
Әз халқымыз әрбір істе біріксін
Бірлікпенен тірлігіміз шынықсын,
Нұрлы Астана жүрегінен жыр ұқсын.

Көзбен көріп Ғасырдың шын ғажабын,
Ғалам жұрты аударғанда назарын.
Сан шайырлар арнаған жыр – ғазалін,
Әлемге әсем айшықтаған ажарын
Астанаңмен азат елсің Қазағым.

 

Жанатбек ТұрғыНБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Обновлено 03.12.2019 11:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін813
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6830
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32397
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203127

Серіктестер