Онлайн газет



КІТАП ӘЛЕМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Берікқара орта мектебінің кітапханасында «Буккросинг» кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды.

Енді бұл бұрышқа оқырман кез келген уақытта келіп, қалаған кітаптарын алып кетіп, оқи алады. Егер ұнатса өзіне қалдырады. Ал, оның орнына өзі оқып бітірген кітапты немесе газет-журналдарды қойып кетеді. Мақсаты – кітаптарға екінші өмір сыйлау, олардың пайда әкелуіне жол ашу.
Буккросинг – бұл жаһандық кітап алмасу жобасы. Яғни, буккросинг «өзің оқы да, басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Үйіміздегі сөреге кітапты жинау үшін емес, ақпарат алу үшін қоюымыз керек.
Мектеп кітапханасында «Кітап – тарих шежіре» атты кітапханалық сабақ 6 және 7-сынып оқушыларымен өткізілді. Олар өздері оқыған ертегі кітаптарын, журналдарды кітапханаға тапсырды. Оқушылар М.Әуезовтың «Абай жолы», С.Бегалиннің «Бала Шоқан», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітаптарын қызығып оқуда.
Сондай-ақ шара барысында оқушыларға сыйлықтың ең үлкені кітап тек бір-бірлеріне кітап сыйлап жүріңдер деген ұсыныс айтылды. Осы ұйымдастырылған акция өз жалғасын табады деген ойдамыз. Адам баласы бар байлықтың көзін кітап деген құдіреттен тапты.
Ғылым мен техника, технология дамыған ХХІ-ғасырда бәрінің бастау алар қайнар көзі-кітап. Сондықтан  кітап көп оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін.

Кулзипа КЕРИМБЕКОВА,
Берікқара орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Обновлено 03.12.2019 10:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1860
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада6001
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31568
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202298

Серіктестер