Онлайн газет



ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы болып өтті.

Алдымен отырыстың регламенті мен күн тәртібі бекітілген соң, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының ағымдағы жылғы іс – шаралар жоспарына сәйкес, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру жолдары туралы аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев есеп берді.
Бұдан кейін аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышевтің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы саласында жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін азайту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Аяжан Құлжанбекованың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері туралы есептері тыңдалды.
Есепті баяндамалардан соң комиссия мүшелері қозғалған мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға  салып, ұсыныс - пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі Нұржан Молдиярұлы жұмысты күшейту қажеттігіне, оны жоспарлы түрде жүргізудің қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, отырыста тиісті сала басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне арнайы мониторингтік топ мүшелерінің білім беру мекемелеріне жүргізген зерделеу жұмыстары барысында анықталған заң бұзушылықтарды жоюды қатаң бақылауға алу, қызметкерлердің әрбір сыбайлас жемқорлық көрінісі бар құқық бұзушылығы мен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке олардың тікелей басшыларын тарту, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету, жер мәселесіне қатысты арыз-шағымдарды заң талаптарына сәйкес қарау жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.

Мұхтар Манекеев.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін128
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1850
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7364
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090901

Серіктестер