Онлайн газет



ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында №2 сайлау округінен депутат Алмахан Исабаевтың төрағалығымен алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХVІІ сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Алдымен кезектен тыс сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, “2019 – 2021 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы” аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №39 – 2  шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтің баяндамасы тыңдалды. 
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселе алдын ала талқылаудан өтіп, тиісті ұсыныстар жасалғандықтан, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс - ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданып, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 27.11.2019 11:03
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін130
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1852
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7366
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090903

Серіктестер