Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ - ТАТУЛЫҚ КЕПІЛІ

Бір шаңырақтың астында топтасқан, достығы берік, ынтымағы жарасқан  тәуелсіз еліміздің басты байлығы-халықтар достығы. Қазақстанды мекендейтін ұлттардың бірлікте, ынтымақта, бейбіт өмір сүруінің басты кепілі – қоғамдық келісімде екендігін Елбасы өзінің Жолдауында баса айтқан болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанда ұлтаралық жəне дінаралық келісім салтанат құрған. Еліміз тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Бүгінде қазақ жері ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттар қазақ елінің  игілігі жолында еңбектенуде.
Қоғамдық келісім - татулық кепілі. Ұлт пен ұлыстар достығының, бірлесіп өмір сүруінің маңызы, патриоттық тәрбие беру, азаматтықты және мемлекеттік тілді нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар ауқымды. Жергілікті тұрғындармен, жастармен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен тренингтер ұйымдастырылып тұрады.
Халықтың қуаты - бірлікте. Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдаудың маңызы зор. Құнды қазынамыз - тарих  табыстырып, тағдыр тоғыстырған  халқымыздың бірлігі. Ал, бірліктің негізі - қоғамдық келісімде жатқаны ақиқат.

Кемелбек Беспаев,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1858
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7372
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090909

Серіктестер