Онлайн газет



МЕЙІРІМ ХАМЗИНА - “БАЙЗАҚ ЖҰЛДЫЗЫ” АТАНДЫ

Бұдан 20 жыл бұрын тұсауы кесілген аудандық «Байзақ жұлдызы» әншілер байқауы талай таланттардың бағын ашқан болатын.
Өткен аптада аудандық әл - Фараби атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Байзақ жұлдызы» әншілер байқауына барлық ауылдық округтерден талапкерлер қатысып, ішінен 16 өнерпаз іріктелініп алынды. Аудан әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қолдауымен өткен бәсекеге 16 мен 29 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынап, байқаудың 2 кезеңі бойынша, яғни  Жамбыл облысының 80 жылдығына орай өңірімізге арналған және Қазақстан композиторларының әндерін орындады.
Өнер додасының шымылдығын  әр жылдардағы жеңімпаздар Салтанат Тұрлығұлова, Жансая Әлімқұлова, Жансая Садықова, Мадина Бердиярова, Диана Сағымбаева, Саламат Молдабаев, Талант Құрымбаев, Әйгерім Асан ашып,  белгілі  ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың әні мен сөзіне жазылған «Байзақ жұлдыздары» әнін хормен орындап, байқау көрігін қыздырды.   
Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қатысушыларды байқаудың 20 жылдық мерекесімен құттықтап, әр жылдардағы жүлдегерлерге аудан әкімі Н.Нұржігітовтың атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыстады. Бұдан соң «Байзақ жұлдызы» байқауының дүниеге келуіне мұрындық болған, ұзақ жылдар бойында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Әзімхан Қилыбаевқа  құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.
Әділқазылар алқасының шешімімен  байқаудың бас жүлдесі  Суханбаев ауылдық округінен келген Мейірім Хамзинаға табысталды.
Аталған ауылдың тумасы Жапсарбек Айбар бірінші орынға лайық деп танылды.
Екінші орынды түймекенттік Темірбек Сұлтан мен мырзатайлық Оразкүл Мэлсова өзара бөлісті.
Үшінші орынды Құсайнова Гүлнара (Үлгілі ауылдық округі), Әзімжан Әли  (Дихан ауылдық округі ), Құлтай Мира (Бурыл ауылдық округі) иеленді. Ынталандыру сыйлығына сарыкемерлік Ахмет Әсем,  көптеректік Ахметов Қуаныш және  суханбайлық Үсенов Мақсат ие болды.
Жеңімпаздар Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етілді.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 27.11.2019 10:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін112
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1834
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7348
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090885

Серіктестер