Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – дамушы елдердің күн тәртібінде алдынғы қатарда тұратын ең маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген.

Қазіргі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында атап көрсетілген  тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында барлық өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бұл – адал және тиімді мемлекеттік билік үшін күрес, азаматтардың өз құқықтары үшін, лайықты, қауіпсіз, жақсы өмір үшін күресі.
Мемлекеттік қызметкерлер кез келген сыйлықтарды олардың кұны мен беру себебіне қарамастан қабылдауы, Қазақстан Республикасы заңының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 12-бабы 1-тармағы және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 50-бабы 1-тармағымен тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Пара беру және алу  заң алдында қылмыс. Параны (сыйлықтарды) алғаны және бергені үшін 2 АЕК –тен жоғары қылмыстық жауапкершілікке алып келеді, 2 АЕК-ке дейін алдын ала келісім болмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ағымдағы жылда Байзақ аудандық статистика басқармасы қызметкерлеріне және жергілікті атқарушы өкілдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясат және заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық денгейін көтеру мақсатында респонденттермен байланысу үшін «бір терезе қызметінде» ұсыныс және пікір журналы орналастырылған. «Онлайн режиміндегі деректерді жинау» ақпараттық жүйесі респонденттерге статистикалық есептерді статистика органына бармай-ақ, ЭЦК арқылы ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және респонденттердің қызметкерлерімен байланыстарының төмендеуіне әкеледі. Ғимаратта бейнебақылау камералары орнатылған.
Жамбыл облысының статистика саласында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтарды алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Нұртас Момбаев,
аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін126
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1848
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7362
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090899

Серіктестер