Онлайн газет



ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

Жуырда, Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты әдеби - сазды кеш өтті. Бұл кешті осы мектептің тілдер бірлестігі ұйымдастырған еді.
Кештің ашылу салтанатында сөз сөйлеген мектеп директоры Рустем Жылысбаев іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Ол бастама жастарға ақынның  шығармашылығын насихаттауға атсалысуға, рухани мол мұрамызды қастерлеуге шақыру үшін көтеріліп отырғанын айтып өтті.

Абай Құнанбайұлы – өз заманының анағұрлым биік дәрежелі ақыны екендігіне ешкім дау айта алмас. Ақынның әр өлеңін терең түсіне білген жан солай дері анық. Мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімдері Бақберген Ораз, Рабиға Бугембаева, Толымбек Қарлығаштың шәкірттері Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы басқа оқушыларға үлгі көрсетті. Көркем сөз оқуда ерекше көзге түскен оқушылардан 11-сынып оқушысы Дана Қарабай мен 8-сынып оқушысы Анелья Самыловскаяны атап өтуге болады. 8-сынып оқушылары Абайдың қара сөздерін жатқа айтты және сол қара сөздерден постер қорғады. Абай әндері де назардан тыс қалған жоқ. 8-сынып оқушылары хормен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», 10-сынып оқушысы Ұлпан Тұрарова мен Айбала Төреқұл «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, залды бір серпілтіп тастады. Абайдың шығармалары туралы залда отырған оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға оқу құралдарын үлестіріп, марапат көрсетілді. 10-сынып оқушылары Абайдың 17-қара сөзі бойынша көрініс көрсетіп, ақынның шығармашылығына тереңінен бойлағанын дәлелдеді. Мектебіміздің жас суретшілері де «Абай әлемі» атты ақын шығармашылығына негізделген сурет көрмесін ұйымдастырды.
Абайдың ғылыми өмірбаянын терең танып, оның еңбектерінде көрініс тапқан, заманы тудырған ерекшеліктерді біліп зерделемейінше, ақын шығармаларының қоғамдық әлеуметтік басты сарынын ажырата алуымыздың өзі қиынға соғары анық.
Кешті ұйымдастырушылардың бірі Бақберген Оразұлы ақын туралы бұл іс-шарамен шектеліп қалмайтындығын Абай өлеңдерін оқудан арнайы байқау мен эссе жазу сайыстарын сыныптардың деңгейіне қарай ұйымдастырып өткізетіндіктерін жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Кеш соңында қазақ тілі пәні мұғалімі Рабиға Бугембаева бұл іс-шараның алдына қойған мақсаты Абай шығармашылығына тереңінен бойлап, оқушы қауымына оны қалтқысыз түсінуіне ықпал етуге ұмтылғанын жеткізді. «Абайды оқымаған қазақ, қазақ емес» деген шет елдің ұлы ғұламасының сөзін келтіріп оқушыларға Абай шығармаларын одан әрі кеңінен оқуға насихаттады. Кешке қатысқан оқушыларға Мақтау қағаздары тапсырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай - біздің әрқашан ұлттық ұранымыз болуға тиіс», - деген болатын. Сондықтан аталған іс-шара оқушыларға мол тағылым бергенін атап айтқан жөн.

Гүлфарида КОШҚАРБАЕВА,
Ғ. Байтасов атындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1858
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7372
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090909

Серіктестер