Онлайн газет



ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨТКІР МӘСЕЛЕ

Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі әлемдік деңгейде өткір болып отыр. Жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдердің алаңдаушылығын арттыруда.

Сарапшылардың пікірінше, қылмысқа қарсы күрес қаншалықты маңызды және қажет болуына қарамастан, басқа шаралар әлеуметтік сипаттағы шаралар болуы тиіс. Есірткіге ұсынысты ғана емес, сұранысты да төмендету қажет. Қоғамдағы әлеуметтік  климатты өзгертуге қол жеткізу керек, оның ішінде нашақорлық – бұл әлеуметтік қолайсыздықтың белгісі екені де даусыз.
Есірткіге тәуелділіктің құбылыс ретіндегі қауіптілігі есірткі заттарының тізбесі ұдайы өзгеріп, жаңа шептер құруына байланысты, оларды жеңу ахуалды елеулі талдауды, әдістемелік даярлықты және дәрігерлерге өтініш білдірген кездегі сияқты олардың қызметінің профилактикалық бағыты бойынша да уақтылы көмек көрсету дағдыларын дайындауды қажет етеді.
Осыған орай, жастар арасында нашақорлықтың зиянын насихаттау мақсатымен округ аумағындағы білім ошақтарында жүйелі жұмыс жоспары белгіленіп, жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігін болдырмау мақсатында жұмыстар қолға алынған.
Ауыл тұрғындары мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Барлық мектептердегі спорт залдары  мен спорт алаңдары сабақтан бос уақытында ауыл тұрғындары мен жастарға қолжетімді. Диқан ауылдық округінен бүгінгі күнде наркологиялық диспансерде  есепте тұрғандар жоқ.

Нұрлан Мекебаев,
Диқан ауылдық округінің  әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін239
mod_vvisit_counterКеше462
mod_vvisit_counterОсы аптада2053
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда16826
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1193975

Серіктестер