Онлайн газет



НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ

Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, әрбір тұрғын қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылады, – дейді дәрігерлер.

Нашақорлық жыл сайын азаматтарымыздың өміріне кері әсерін тигізуде. Бұл біздің қоғам қасіреті ғана емес, күллі әлемнің тауқыметі саналады. Адам өзінің санасын жоғалтып, күйзеліске түсуі, өмірден баз кешуінің зардабының соңы есірткіге алып келуі мүмкін.
Сондықтан, біз балаларымызды қоғам болып мұндай әрекеттерден сақтандыруға міндеттіміз. Әйтпесе, отбасының ойрандалуы да осындай денсаулыққа зиянды заттардан туындауда. Ондай жағдайларды болдырмау үшін, зияндылығын түсіндіретін жиындарды жиі өткізіп тұрғанымыз жөн. Бүгінде жыл басынан Үлгілі ауылдық округінде есірткісіз қоғамның маңыздылығы турасында бірнеше іс-шаралар  ұйымдастырылды.Атап айтқанда, Үлгілі орта мектебінде мектеп оқушылары және ұстаздарымен «Нашақорлық – қоғам қасіреті» атты тақырыбында кездесу өтті. Одан бөлек әкімшілік тарапынан ауыл тұрғындары мен ауыл жастарымен кездесулер өтуде.
Жауапкершілікті мемлекет пен құзырлы мекемелерге ғана жүктемей, бірінші кезекте әркім өзіне жүктей білуі керек. Сонда ғана қоғамымыз кереғар құбылыстардан тазаратын болады.

Гүлзираш Мелдебекова,
Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін137
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1859
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7373
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090910

Серіктестер