Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ – ЖАУАПТЫ НАУҚАН

2020 жылы елімізде ұлттық халық санағы өтеді. Осыған орай аудандық статистика басқармасының басшысы Дамир Нұрабаевты әңгімеге тартқан едік.

- Еліміз үшін маңызды науқан болып саналатын Ұлттық халық санағы қашан, қай мерзімде өтетін болып белгіленді?
- «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына, 2010 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1049 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына, 2018 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №105 Қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» №419 қаулысына сәйкес, халық санағын өткізу мерзімі 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына белгіленді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен 2020 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге байланысты ұйымдастыру және әдістемелік мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылды.
Осы құжаттардың негізінде облыс Әкімдігімен 2019 жылғы 23 қыркүйекте «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының құрамын және іс-шаралар жоспарының Жамбыл облысында орындалуы бойынша бақылау бекітілісін бекіту туралы» өкімі қабылданды.

- Халық санағының басты мақсатына тоқталсаңыз?
- Халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау (респонденттерге жаппай сауал салу арқылы), өңдеу және алынған ақпаратты, статистикалық көрсеткіштер жүйесін және олардың талдауын қалыптастыру, халық туралы агрегатталған (иесіздендірілген жиынтық) деректерді бағалау және тарату процесін қамтитын арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.
Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.

- Санақ барысында сандық технологияны пайдалану жоспарлануда ма?
- Санақты екі әдіспен, заманауи ақпараттық технологияларды, атап айтқанда «интернет» желісін және портативті-есептеу құрылғыларын (планшеттерді) пайдалану арқылы өткізу жоспарлануда. Жаңа ІТ-технологияларды пайдалана отырып санақты осы әдістерін біздің елімізде бірінші рет өткізу жоспарланып отыр. Интернет-сұрау салу кезінде азаматтар өз бетінше және өзінің отбасының мүшелеріне электрондық санақ парақтарын мамандандырылған сайтта толтыра алады. Екінші әдіс санақ персоналымен қалған азаматтарды жаппай аралап шығып мәліметтерді жинау үшін пайымдалған. Ақпаратты жинауды санақ  персоналы планшеттер арқылы электрондық санақ парақтарына енгізуді жүзеге асырады.
Интернет-сұрау салу санақ басталған кезден бастап 15 күнге жалғасады. Интернет-сұрауға кіру www.sanaq.gov.kz веб-сайты арқылы жүзеге асырылады. Респондентті тіркеу ЖСН, күәлік нөмірі, мобильдік телефон нөмірі, электрондық пошта, код және растау паролін енгізу арқылы іске асыру жоспарлануда. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін респондент мобильдік телефонның көрсетілген нөміріне, немесе электрондық поштаға растау кодымен SMS-хабар алады.

- Ұлттық халық санағы қанша кезеңнен тұрады?
- 2020 жылғы Ұлттық халық санағы 2 кезеңнен тұратын болады.
Ұлттық санақтың бірінші кезеңінде (2020 жылғы 1-30 маусым аралығында) санақтық аудандастыру жүргізіледі – «Аудандастыру үшін тұратын халықты нақтылау бойынша тұратын үйлерді, (тұрғын үймерет) және тұрғын емес ғимараттарды аралау».
Интервьюерлер бір ай бойы планшеттерді пайдаланып санақтық аудандастыруды аралайды. Интервьюерлерден алынған барлық деректер «Аудандастыру» АЖО енгізіледі, одан кейін Нұсқаушылар және санақ телімі қалыптастырылады.
Ұлттық санақтың екінші кезеңінде (2020 жылғы 1-30 қазан аралығында) негізгі халық санағы өткізіледі, ол өз кезегінде Интернет-сауалдама және жаппай сауалдамаға бөлінеді.
Қазіргі кезде облыс әкімдігімен өңірдің барлық елді мекендерінің электрондық карталарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол санақты жүргізуге, атап айтқанда аудандастыру үшін қажет. Үкімет қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарының 4 тармағына сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекарасын және тізбесін нақтылау, көшелер аттарын реттеу, орамдарды, үйлерді және пәтерлерді нөмірлеу, немесе аншлагтарға жұмыс жүргізуде.

- Айтулы науқанға аудан бойынша қандай дайындық жұмыстары жоспарлануда?
- Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтың төрағалығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық халық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылды. Комиссия құрамына аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауылдық округтері әкімдері енгізілді. Аудан бойынша ауылдық округтерде жаңадан берілген көше атаулары жаңартылып, үйлердің нөмірленуі нақтыланып аншлагтар жасалуда. Аталған ауқымды науқанға дайындық жұмыстары жан-жақты және егжей-тегжейлі  жүргізілуде.

Гүлжан Турсунходжаева.

Обновлено 07.11.2019 09:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін40
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада846
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6946
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072204

Серіктестер