Онлайн газет



БІЛІМ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде «IQanat» білім беру қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Қазақстандық және халықаралық ЖОО-ларға түсу мүмкіндігін теңдей беру үшін және ауыл мектептері оқушыларын қолдау мақсатында 9-шы-сынып оқушыларына арналған республикалық «Iqanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою, ауыл мектептерінде оқитын дарынды балаларға қолдау көрсету көзделіп отырғандығын жеткізді. «IQanat» білім қорының Жамбыл облысы филиалының бас координаторы Толқын Нартаева, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев қатысып, олимпиаданың негізгі мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аталған олимпиаданың өткен жылғы қатысушысы Аружан Бақытбекова тілегін білдіре отырып, олимпиаданың жаңа кезеңіне қатысқалы отырған оқушыларға ынталандыру сөздерін айтты. Шара барысында оқушылар ән айтып, би биледі.
Өткен жылы олимпиадаға 2500-дей оқушы қатысқан болса, биыл 4000-ға жуық оқушы қатысуға ниет білдіріп отыр.
Аталмыш байқауға оқушылар тегін қатысып «Математика», «Физика», «Ағылшын тілі» пәндері және «Эрудит» эссе байқауы бойынша білімдерін сарапқа салынады. Оқушы 1 немесе 2 бағытты таңдай алады, сонымен қатар қатысқандардың 25 пайызы екінші турға өтеді және осы өткендердің арасынан білімі мен біліктілігін дәлелдеп, ұпай саны бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген 40 оқушы республикалық деңгейде өтетін олимпиадаға қатысатын болады.
Мұнда ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, жеңімпаз атанған 100 оқушыға Бурабай қаласында бой көтеріп жатқан болашақ мектепте тегін білім алауға мүмкіндік беріледі.
Аталмыш байқауға аудан мектептерінен 500-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің білім деңгейін көрсететін болады.
“Iqanat” олимпиадасының әр турына дайындық бойынша барлық әдістемелік материалдар қолжетімді және Қордың ресми - http://iqanat.kz сайтында орналастырылған.

Гүлжан Русланқызы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін27
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада833
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6933
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072191

Серіктестер