Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ЕЛ БОЛМЫСЫ

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі әлеуметтік маңызы бар жобалар шеңберінде, Жамбыл облыстық «Жас Отан Қоры» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сарапшыларды тарта отырып, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ауыл имамдары, теологтар, қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен «Дәстүрлі дін, зайырлы қоғам және ұлттық құндылықтар» атты семинар өткізді.
Аудан тұрғындарының Ислам дінінің негіздері мен дәстүрлі құндылықтарды сабақтастыра отырып, дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін сана қалыптастыруына ықпал ету мақсатын көздеген іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов қатысты.
Семинар барысында сөз алған Ерзат Жасқанбайұлы тақырып аясында ой өрбіте отырып, қазіргі ақпарат кеңістігінде Ислам діні мен қазақ дәстүрлерін мәдениеттер сұхбаты мен дүниетаным үндестігі аясында қарастыруға кері бағытталған кейбір тенденциялар байқалатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ұлттың мінезі мен дәстүрлері – егіз ұғым. Бірінен бірі туындап, бірін-бірі қалыптастырып жатады. Дін қағидаларының сенімдік жағын діндес ұлттар өзгеріссіз қабылдайды, алайда, бір ұлттың дәстүрін екінші ұлт көшіре алмайды. Оған дініміз де мәжбүрлемейді. Араб та, қазақ та Ислам діні аясында дамып келе жатқан ұлттар, бірақ дәстүрлері қабыса бермейтінін айтты. Сонымен қатар, аудан имамдары да діни тұрғыдан сөз алып, сұрақтарға жауаптар берді. Ауыл тұрғындары қоғамда белең алған орамал тағу, сақал қою сынды сауалдар төңірегінде пікір алмасты.

Уалихан Болатбек,
Жамбыл облыстық «Жас Отан Қоры» Корпоративтік қорының төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін40
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада846
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6946
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072204

Серіктестер