Онлайн газет



“ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫЛАР” АНЫҚТАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп атап өткен болатын.

Бүгінгі жастар ертеңгі елдің тұтқалары екенін ескерсек, олардың өмірден өз орнын табуына көмектесуіміз қажет. Ол үшін Елбасы айтқандай өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан жекелеген адамдар мен толыққанды отбасылардың өнегелі жолын үлгі етуіміз керек. Мектептерде өткізіліп жатқан «Парасатты отбасы» бай-қауы соның айқын көрінісі десек болады.
Отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы парасатты отбасыларды қоғамға үлгі етуді көздейтін байқаудың аудандық кезеңі де өз мәресіне жетті.
Алдымен байқау шартына сәйкес, аудандағы 38 орта мектепте іріктеу кезеңі өткізіліп, мектепішілік байқауға қатысқан 512 отбасының 56-сы аудандық кезеңге жолдама алған еді.
Байқау «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесі аясында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, парасатты тұлғаны дамыту, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында өткізілді. Аудандық байқауға спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, кәсіпкерлік салаларынан құралған отбасылар мен көп балалы және жас отбасылар белсене атсалысты. Аталмыш кезеңде оған қатысушылар «Отбасымның тарихы» тақырыбында өз ата-бабалары, отбасы тарихы туралы зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Әділқазылар байқау қатысушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына мән беріп, балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттерден хабардар болуына баса назар аударды.
Байқау қорытындысында, қазылар алқасы үздік деп танылған жанұяларды, атап айтқанда, Сыздықовтар - «Парасатты отбасы», Құдайбергеновтер - «Жомарт отбасы», Азимбаевтар - «Шығармашыл отбасы», Умиралиевтер - «Интелектуалды отбасы», Сарманбек - «Шеберлер отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаз деп таныды. Олар облыстық байқауға берілетін жолдамаларды иеленді. 
Байқаудың екінші – облыстық кезеңінде қатысушылар «Менің отбасым» атты бейнеролик әзірлеуі тиіс. Бейнесюжет арқылы сайыскер отбасының еңбектегі, оқудағы жетістіктері, әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында мәліметтер ұсынатын болады.

Балжан АСҚАРОВА,
“Адал ұрпақ” еріктілер клубының үйлестірушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін25
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада831
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6931
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072189

Серіктестер