Онлайн газет



ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтып өткендей өлкетану ісін дамытуды барша қазақстандық педагогтар толық қолдайды. Себебі, өлкетану жұмыстары тұлғаның туған жерге, өскен  ортасында, тұрғылықты мекеніне деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға негіз болады.

Осы орайда Бурыл ауылдық округінде орналасқан “Өнер” мектебінің туристік-өлкетану бағытының жетекші педагогтары Айгүл Ельгелдиева мен Нұрсұлу Қасымқұл саяхат ұйымдастырды.
“Өлкетану” пәнінің мұғалімдері бастаған саяхат сабағының түпкі мақсаты - оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, өзінің туып-өскен жеріне, өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімін ояту арқылы Тараз шаһарының киелі де қасиетті жерлерімен таныстыруды көздеді.
Саяхат  сапары Тараз қаласындағы “Төрткүл” керуен сарайынан бастау алып, онда оқушылар керуен сарайдың көрікті жерлерімен танысты. Төрткүл керуен сарайында аялдаған оқушылар оның ерте дәуірде Орта Азияны өзге елдермен байланыстыратын керуен жолы болғанынан хабардар болды.
Бұдан соң саяхат барысы “Қарахан баба” кесенесінде жалғасты. Оқушылар кесене шырақшысымен болған сұхбат барысында әулие тарихы туралы мол мәліметтер алды.
Өз елінің  тарихын біліп, өткен ғасырдағы аңыз оқиғалар, жәдігерлерін көзбен көру оқушылар үшін үлкен бір қуаныш пен мақтаныш сезімін оятты.
Саяхат сабағының нәтижесінде оқушылардың көне қалаға жасаған сапары мазмұнды және олар үшін әсерлі болды.

Бахтияр АБДИХАНОВ,
“ӨНЕР” мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 07.11.2019 09:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін37
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада843
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6943
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072201

Серіктестер