Онлайн газет



КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР ТАРТУ ЕТІЛДІ

Үлгілі орта мектебінде аудан әкімдігі білім бөлімінің 27 қыркүйектегі №16-9-2896 хатына сәйкес «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сыйлыққа - кітап» - «В подарок -  книга» атты акция ұйымдастырылды.

Оқушыларға әдебиеттерді насихаттап, кітап оқуға деген ынтасын арттырып, адамгершілікке, өнегелікке тәрбиелеу мақсатын көздеген акцияның жоспары жасалды.
Акция кезінде ата-аналарды қатыстыра отырып, «Кітап сүйген көркем» атты танымдық сабақ өткізілсе, қазақ тілі мұғалімдерін қатыстыра отырып, 8 бен 10-сынып оқушылары «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» тақырыбында эссе жазды. Даярлық сыныбы мен 1-сынып оқушыларымен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты кітапханаға саяхат сабағы ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары өздерінің оқыған көркем әдебиеттерін мектеп кітапханасына сыйлыққа тарту етті. Мектеп кітапханасында кітап қорын көбейту мақсатында төмендегі әдебиеттер сыйға тартылды.
Іс-шараға белсене атсалысқан 1-сынып, кітап туралы эссе жазған 8-сынып оқушылары: Б.Жұмахан, Ж.Бұхарбаева, Г.Именова, А.Сейтжапар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Гульмира РАХЫМБЕКОВА,
Үлгілі орта мектебінің кітапханашысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1238
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7255
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32822
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203552

Серіктестер