Онлайн газет



ҰРПАҚ ҮШІН ҰЛАҒАТЫ МОЛ

Еліміздің Тұңғыш Президентіне арналған, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған көрме баршамыз үшін маңызды. Біз аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы аталған көрмені арнайы көріп, тамашаладық.  Елбасының балалық шағынан бастап, өсу өркендеу жолдарына куә болдық. Кейбір тұста толқып, тебіреніп те кеттік. Тұңғыш Президенттің бала күндері оқуда озат болғаны, спортшы болып танылғаны, училищедегі жылдары ешкімді де бей-жай қалдырмайды.

Ол Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыруда өлшеусіз еңбек сіңірді. Сырт елден инвестиция тартты. Мемлекет үшін маңызы жоғары кітаптар жазды. «Қайтсем осы елімді қалыптастырамын, өркендетемін» - деп барлық күш-жігерін жұмсады.
Алпауыт мемлекеттердің басшылары тарту еткен наградаларды көріп, марқайдық. Ондай жоғары марапаттар кез келген елдің басшысына берілмейді. Ал, Елбасыға бірнеше мемлекеттің басшылары марапат беріп, құрмет көрсеткен екен.
Біздің Елбасы көрмесінен алған әсеріміз мол. Бұл көрме – жас ұрпақ үшін мол тағылым. Сондықтан, аудан тұрғындары мен қонақтарын аталған көрмені көріп, тамашалауға шақырамын.

Төле Наржанов,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Обновлено 14.10.2019 10:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1250
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7267
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32834
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203564

Серіктестер